Татулықта табыс мол
Татулықта табыс мол
774
оқылды
«Береке көзі – бірлікте» дей­ді қазақ даналығы. Ра­сын­да, бүгінде ынтымақсыз елді ұрысы, ынтымақты елді дұры­сы билейтін заман келді. Сау­сақ бірікпей, ине ілікпейтіні тағы хақ. Сондықтан татулық пен бірліктен асқан құнды дүние жоқ. Әлбетте егеменді еліміз ұлт пен ұлысқа бөлінбеген, тең­дік пен татулықты ту еткен біртұтас халық екенін ба­йыр­дан ұғындырды. Алайда Жам­был облысы Қордай ауда­нын­дағы ұлттар арасындағы қақ­тығыс санаға салмақ салып қана қоймай, талайдың ойын сан саққа жүгіртті. Байыпты байлам мен түрлі болжамдар жасалды. Десе де, одан бергі екі жылдың еншісінде көп нәрсе өзгерді. Көпшіліктің кө­кейіндегісі кетіп, кикілжіңдер ұмытылды. Бүгінде қордай­лықтар бөлініп, бүлінуге емес, бірігіп өмір сүруге ұмтылуда. Жасыратыны жоқ, өткен күн­нің өлшеміндегі қанды қақтығыс­тардың дәл қазір ауылда ізі де, өзі де жоқ. Дүйім жұртты дүр сілкін­дірген Сортөбе, Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдарында тату­лық пен теңдік салтанат құрып, бейбітшілік көгершіні қанат қа­ғуда. Ұғынысуға ұмтылған ұлттар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті ғұмыр ке­шуде. Еңбектеген баладан еңкей­ген қарияға дейін тыныштықтың құндылығын түсініп отыр. татулық Дін мен ділі өзгерек делінген дүнгендердің дені қоныстанған ауылдарда бүгінде мешіт имамдары мемлекеттік тілді жетік меңгеріп жатыр. Екі жыл бұрын мұнда «Тіл­дерді оқыту орталығы» құрылып, №47 орта мектептің базасында бе­рекелі тірлік етуде. Қордай мен Сортөбе ауылдарында мемлекеттік тілді оқыту курстарын жүргізу үшін бес бірдей қазақ тілі пәнінің мұ­ға­лімі белгіленіп, өткен жылдың өзін­де 572 адам мемлекеттік тілді мең­геріп шыққан. Ал 387 адам оқуын жалғастыруда. Оның ішінде 328-і мемлекеттік қызметші болса, 18-і – имам. Сондай-ақ ауыл тұр­ғындары арасында «Отбасында қазақ тілін бірге үйренейік!» сөздігі мен 56 түрлі оқулық таратылған. Бұдан бөлек ашық аспан астында тіл үйрену интерактивті курстары мен SOILE клубының жұмысы ұйымдастырылып, жыл соңына дейін 1000 тыңдаушыға қазақ тілін меңгерту жоспарлануда. Дүнген ұлты көп қоныстанған Сортөбе, Масаншы, Ауқатты ауыл­дарында ұлттық қарым-қаты­насты нығайтып, Қазақстан хал­қына деген сыйластықты арттыру мақсатында жыл басынан бері 10 басқосу өткізілген. Оған 8 462 адам тартылған. Жиындардың атауы мен айдары да ерек. Атап айтсақ, «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры», «Бір­лігі жарасқан осындай елім бар», «Алғысым шексіз еліме», «Қазақ­стан – татулық пен бірліктің бас­тауы», «Елім менің» сияқты ша­ралар ынтымаққа үндеуде. Қордай ауданы бойынша дүн­ген ұлтының өкілдері ең көп ке­летін мешіттердің саны 34 болса, Сортөбе ауылынан ашылған «Имам­­дар үйі» барлығының басын бір жерге үйіріп, татулық пен тең­діктің теңдессіз үлгісін көрсетіп отыр. Дүнгендер арасында шетелдік діни оқу орындарында оқитын азаматтарды азайту мақсатында Масаншы ауылында «Қордай» Құ­ран қариларын дайындау орталығы да ашылған. Қазір орталықта 54 шәкірт білім алуда. Осы медресе түлектері күні ертең ұлт пен ұлыс­тарды Ислам дініне ұйыстырмақ. татулық Жалпы Қордай ауданы тұр­ғын­дарының әл-ауқатын артыруға бағытталған 35 миллиард теңгенің бүгінде игілігі көрінуде. Алпыс жыл көгілдір отын көрмеген ауыл­дарға газ құбыры жетіп, шеткі ай­мақтағы Қаракемер елді мекеніне дейін сұйық отынның қызығын көріп отыр. Ауыларалық жолдар тақтайдай тегіс болып, «Асарлатып үй салу» сияқты жобалар арқылы бұқара баспана бақытына кене­луде. Сондай-ақ ауызсу, мектеп, балабақша құрылысы жүйесін тауып, дәл қазір көпшілікті қуа­ныш­қа кенелтіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, ауыл халқының әлеуметі еселеп артқан. Қордайлықтар еңбекқор да халық. Оған біз Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауы­лына ат ізін салғанда көз жеткіздік. Бір кездері күріш өсірумен атағы алысқа кеткен елді мекенді жұрт­шылық әлі күнге «Рисполе» деп атай­ды. Мұнда бүгінде күріш егіл­мегенімен ауыл халқы диқан­шы­лықтан қол үзбеген. Ерте көктем­нен тіршіліктің тайқазанын қай­нататын бәйтеректіктер қазір қызу жұмыс үстінде. Жерге көкөніс өнім­дерін отырғызып, күздің ырыз­дығына мықтап кірісуде. Сон­дай қожалықтың бірі – «На­рынбек» шаруа қожалығы. Қожа­лық басшысы Лихарбай Дауровтың елдің есінде ерен еңбегі, жұрттың жадында жақсылығы қалған. Қария өмір жолында еңбектен қашпай жүгері, арпа, картоп, сарымсақ, жаңғақ, алма, қарақат, таңқурай өсіріп келген. Сондай-ақ сиыр, қой секілді төрт түліктің санын көбейтудің де тетігін тапқан. Бүгінде қарияның жолын неме­релері жалғап жатыр. Бәйтерек ауылы халқының басым бөлігі дүнгендер болға­ны­мен тұрғындар мемлекеттік тілді ынтамен үйренуде. Бұған біз №45 негізгі мектепке аялдағанда көз жеткіздік. 1999 жылы «Асарлатып» салынған білім ошағы жергілікті жердің балаларын рухани, һәм қазақи нәрмен сусындатып жатыр. татулық – Соңғы кездері балаларын қазақ сыныптарына беруге ниетті ата-аналар көбейді. Бұл – жақсы­лықтың белгісі. Қазақ тілі сынып­тарының барлығы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мамандарымыз да жеткілікті. Егер тұрғындар осы үрдісті жалғай берсе, бірнеше жылдың бедерінде ауыл халқын тұтастай қазақы­лан­дырып алуға болады, – дейді мек­теп директоры Данияр Әлімбеков. Негізі, бәйтеректік бұқараның ниеті түзу. Қазақстанды ата қоны­сы санап, ауылдан басқа жаққа көшуге құлықты емес. – Қордай ауданынан басқа жерге көшуді еш ойламаппын. Ке­йінгі кезде ауылымыз жайқалып, аудан орталығына қатынау да же­ңілдетілді. Жаңа медпункт, бала­бақша сияқты нысандар бой көте­руде. Бұл – мемлекетіміздің бізге деген қамқорлығы. Ал ауылда жұмыс істеймін деген адамның екі қолына бір кү­рек табылады. Егістік даласындағы жұмыстан бөлек, түрлі кәсіппен де айналысуға болады. Өткен жылы дүнген ағайындар көршілес Шу ауданына барып көкөніс өнімдерін егіп келді. Бұл аудан ғана емес, адам­дар арасындағы байланысты бекіте түсті. Биыл да көршілес ау­дан­дармен әріптестік және аға­йын­дық байланыс орнатуға ниет танытып жатқан дүнгендер бар. Бұйыртса қазақ-дүнген жұмыла ау­данды жайната береді деп сене­мін, – дейді ауыл ақсақалы Санжур Машанло. Жалпы, ауылдағы ағайын «Қордай қақтығысын» көп еске түсіре бергісі келмейді. Сол кезде біреу жақынынан айырылса, енді екіншісінің бауыры жараланған. Сондықтан қордайлықтар тек ал­дағы күнге үмітпен қарап, жарқын болашаққа қол созуда. Біз де бұқа­раның ниетін құп көріп, Алла бір­ліктерінен айырмасын деп тіледік.

Жамбыл облысы