Коронавирус қайтадан өршіді - Байтанаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Коронавирус қайтадан өршіді - Байтанаев қазақстандықтарға үндеу жасады
694
оқылды
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қазақстандықтарға ұжымдық иммунитетті сақтау үшін маска тағып, шетелге шықпауды ұсынды. "Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, өздеріңізді, жақындарыңызды қорғау мақсатында вакцинациядан және ревакцинациядан бас тартпауды сұраймыз. Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін міндетті түрде вакцина салдыру керек. Бізде вакцинациялағысы келетін азаматтар көп, бірақ оларға болмайды. Сондай-ақ, вакцина салдыра алмайтын балалар бар. Қорғаныс мақсатында ревакцинациядан, вакцинациядан өтіп, ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, осы қиын күндерді бірге өткізуіміз керек", - деді ол. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аймақтың "сары" аймаққа өтуін күтпей, халық жаппай жиналатын жерде маска тағуға шақырды.
"Барлығына әуежайда, вокзалда, қоғамдық көлікте, халық көп жиналатын жерде маска тағуды ұсынамыз. Маска коронавирус инфекциясынан қорғайды. Мүмкіндігінше шетелге шықпауға кеңес береміз. 130 елде ауру қарқынды таралып жатыр. ДДСҰ мүмкін болса, басқа елдерге сапар шегуді тоқтатуды ұсынады. Қазір демалыс уақыты екен түсінеміз, бірақ үйде, туыстардың ортасында демалуға болады", - деді Ержан Байтанаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда карантин күшейтілгені, бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Алматы "сары" аймаққа өткен еді.