Ай сайын роботтар адамға көбірек ұқсап келеді. Алты ай бұрын Figure-дың күмістей жарқыраған гуманоид роботы BMW зауытында алғашқы жұмысын бастады.
500 шақырымдық автоматтандырылған жүк конвейері 25 000 жүк көлігін ауыстырады. Енді миллиондаған тонна жүктерді үнсіз және тиімді таситын транспорт түрі пайда болады.
Жаңа зерттеулер жас ұрпақ қажетті заттарды сатып алу кезінде интернеттегі ықпалды тұлғаларға еліктейтінін, соларға ұқсағысы келетінін көрсеткен. Бұрынғы ұрпақ жаңа стильдерді сатып алу үшін дүкендерге немесе сауда орталықтарына барса, Z буыны онлайн сауда...
Америкалықтар айына 15 500 доллар жалақы алса өздерін қаржылық жағынан қауіпсіз әрі жайлы сезінетінін айтқан. Бұны дүйсенбіде (1 шілде) жарияланған Bankrate жүргізген сауалнамасының нәтижесі көрсеткен.
Электрлі көлікті қуаттау (зарядтау) уақытының ұзақтығы оларды сатып алушылардың көңілін қалдырды. Тұтынушылар қайтадан бензинмен жүретін көліктерге ауыса бастады.
Ресейлік хакерлер Microsoft корпорациясының жүйесін бұзып, осы жылдың басында қызметкерлердің пошта жәшіктеріне тыңшылық жасаған. Сонымен қатар қаскөйлер корпорацияның өнімін тұтынушылардың электрондық пошталарынан хаттар ұрлаған.
Бұл миллиардер жұма күні (28 маусым) 5 қайырымдылық ұйымына 5,3 миллиард доллар бөлді. Бұл оның ең ірі жылдық қайырымдылық көмегі болды.
Жаңалықтар индустриясы ЖИ-ге шабуылды күшейтуде. Журналистік зерттеу орталығы OpenAI және Microsoft компанияларын авторлық құқықты бұзды деген айыппен сотқа берді.
Президенттікке үміткерлер арасындағы тікелей эфирдегі дебат алғаш рет көрермендерсіз өтеді. Трамп пен Байден осылай келіскен.
Әлемдік нарықта фундаменталды өзгерістер болуда. Ондаған жылдар қатарынан көштің басында болған америкалық, еуропалық және жапондық көлік брендтері қытайлық автомобиль компанияларынан ұтыла бастады.
Сөйлесу мүмкіндігін жоғалтқан адамдарға көмектесу үшін Paradromics компаниясы адамның миы мен компьютердің арасын жалғайтын чип жасады. Ол келесі жылы адамдарға сынақтан өткізіледі.
Бүкіл әлемді арзан бағасымен қызықтырған қытайлық электромобильдер неге арзан? Электромобиль шығаратын қытайлық компаниялар неге көп? Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: үкімет көмектеседі.
Ауқымды ғылыми-зерттеу адамның психикалық жағынан сау болуы ұзақ өмір сүруге көмектесетінін анықтаған. Өздерін бақытты сезінетін, ұзақ жасаған адамдар ірімшікті жақсы көреді екен.
Футбол жанкүйерлері асыға күткен Еуропа чемпионатының финалдық ойындарына да хакерлер шабуыл жасай бастады. Олар тікелей эфирдегі ойындарға шабуылдап, көрсетілімін үзіп тастайды.
Телефон қолдануды азайту үшін ата-аналар да, ұстаздар да баланың зейіні үшін смартфонмен бәсекелесуі керек. Мұның қиын екенін барлығымыз жақсы түсінеміз.