Жасанды интеллектің таралуына қатысты проблемалар қызу талқылануда. Барлау ұйымдары да мол деректерді талдау үшін нейрондық желіні пайдалана бастады. ChatGPT тыңшыларды анықтауда жақсы құрал болуы мүмкін
Батыс елдерінде тамақты қолмен жеу үрдісі күшейді. Мамандар қолмен жеудің пайдасын дәлелдеді. Қолмен жеген тағам неге дәмді?
Жасанды интеллект бүгінде кітап жазады, сурет салады, музыка мен өлең шығарады. Бұған адамдар тез үйренді. Ал ChatGPT әлдеқайда интерактивті болады: пайдаланушылар чат-ботпен сөйлесе алады, ауызша жауаптар алады. Бұл жаңалық әлемде үлкен сенсация жасады.
Жасанды интеллект жүйелерін діни пәтуалар шығаруға қолдануға болады. Мұсылман елдерінде бұл мәселе мұқият қаралуда. ЖИ-дің ғаламат әлеуеті діни жетекшілерге де ұнаған сияқты.
Жойылып кеткен жануарларды тірілтудің жаңа тәсілін швециялық ғалымдар тапты. 100 жыл бұрын жойылып кеткен тилацин жыртқышын қалпына келтіру жұмысы сәтті болған. Енді мамонттарды да тірілтуге ғылыми жаңалық көмектесуі мүмкін.
Ірі технологиялық компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, онлайн қауіпсіздікті күшейту мақсатында ірі компанияны сатып алды. Мәміленің құны 28 млрд доллар болды. Бұл биылғы жылдың ең ірі мәмілесі.
Өзен жағасынан табылған көне ағаш қиындылары ежелгі адам туралы түсінікті мүлдем өзгертті. Ежелгі адамдар ағашты пайдаланып, күрделі құрылыс салған деген болжам айтылуда. Жасы жарты миллион жыл болатын ағаш қандай мақсатта қолданылған?
Виртуалды дауыстық көмекшілер адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол үй құрылғыларын басқарады, еске салу функцияларын орындайды, телефон соғады, музыка қойып береді, аудио кітаптар оқиды. Енді оның дауысы табиғи шығатын болды.
Жаңа заң интернеттегі қауіпсіздікті жақсартуға арналған. Заңды бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады: 10 млрд теңге қомақты айыппұл төлейді, ал кейбір жағдайларда компания басшылары түрмеге жабылуы мүмкін.
Үш миллиард жыл бұрын Марста су болған кезеңде күшті сел ағындары лай мен тастарды биік таудың жотасынан төмен түсірген. Бұл жота Қызыл планетаның сулы кезеңі туралы қызықты ақпаратты сақтап қалған.
Apple-дің жаңа операциялық жүйесі кешеден бері қолжетімді болды. Енді смартфон пернетақтада теріліп жатқан сөздердің ең дұрыс сәйкестері мен сөз тіркестерін ұсынады. Дауыстық хабарламаларды мәтінге аударады.
Интернет дүкендерде сатылатын тауарлар үлкен жеңілдікпен сатылады. Amazon компаниясы қазан айында Prime Day фестивалінде тауарларды 90% жеңілдікпен сататын болады
Екі жыл бұрын Маск Ресейде Tesla зауытын салуды қарастырғаны белгілі. Сондай-ақ Қазақстанға да қызығушылық білдірген. Әлемдегі саяси ахуал өзгерген соң Ресейдегі жобалар туралы айтылмай қалды. Келесі зауыт Қазақстанда салына ма?
Темекі шегу иммундық жүйенің ақ қан жасушаларындағы хромосомалардың ұштарын қысқартады. Хромосомалардың ұштары (теломерлер) тым қысқарып кетсе жасуша бөліне алмайды, қартаю тез басталады.
Болашағын ойлаған елдер смартфонның қаупін жақсы түсіне бастады. Мектепте телефон ұстауға мүлдем тыйым салынды. Мұндай тыйым оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.