Заман көші ілгерілеген сайын бұрыннан келе жатқан рухани құндылықтарымыздың қатары сиреп, ұмыт болып бара жатқаны рас.
Солтүстік, Батыс, Шығыс және орталық Қазақстанда күн жылынып, қар еріп, өзен-көлдер тасып, тоң боп қатқан жерге сіңбей ауылдардың су шайғанын тосыннан туған апат деуге келмейді.
Шымкент қалалық мәслихатының «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтуде.
Биыл елімізде футболдан алғаш рет Әйелдер лигасы басталады. Жақында Qazaqstan Football League-сының ұйымдастыруымен QFL Әйелдер лигасы мен QFL Әйелдер кубогы турнирінің жалауы көтеріледі.
Түркістан облысының жұртшылығы үй-жайларын су басқан Ақтөбе, Қостанай өңірлерінің тұрғындарына көмек қолын созып, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетуде.
Кеше Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар жылу энергетикасы және мемлекеттік сатып алу туралы заң жобалары мен оларға ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының алдын ала келіп түскен ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ күн тәртібіне шығарылған заңдарды мақұ...
«Астана жастары» КММ еріктілері қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен облыстардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясын бастады.
Бүгінде қара шаңырақ Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры маусым сайын тұрақты көрерменін мазмұнды әрі тың қойылымдарымен қуантып келеді. Осы күнге дейін әкемтеатр сахнасында жарық көрген әрбір қойылым өз көрерменін тауып, көпшіліктің ыстық ық...
«Ауылдың аты әкеме, көшенің аты көкеме». Иә, бұл бұған дейінгі жершілдік пен елшілдікке бөлінгендердің үндеп келген ұраны болған.
Қазақстанда қымбатшылық бой беретін емес. Ұлттық статистика бюросы бағалардың тоқтаусыз көтеріліп бара жатқанын кезекті рет тіркеді.
Еліміздің он облысын су басты. Бірнеше елді мекен еріген қар суының астында қалып, дүние-мүлік пен төрт түлік суға кетті. Белуарынан суда тұрған баспаналардың қаншасы қайтадан тұруға жарайтыны әзірге белгісіз. Әзірге адам шығынына жол бермеу ісі алдың...
«Апат айтып келмейді» деп жатамыз. Дегенмен биылғы су тасқынын іс жүзінде «айтып келді-ау» деуге де толық негіз бар.
Шымкентте 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сай Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргені белгілі.
Қарғын судан келген қауіп Атырау облысын тік тұрғызды. Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылы судың ортасында қалып, 31 наурыз күні ауданда төтенше жағдай жарияланды. Сын сағаттағы алғашқы қадамдардың бірі – жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуац...