Атырау қаласына қарасты Талғайраң ауылында осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс көпқабатты үйлер әлі күнге дейін қаңырап тұр.
Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында тұратын 74 жастағы Дәрібай Оспанов есімді ақсақал жақында пауэрлифтингтен өткен Азия, Океания және Африка чемпионатында ардагерлер арасында екі мәрте жеңіске жетіп, екі рекорд жаңартты.
Атырау облысының білім саласында жағымды жаңалықтар мол. Биыл Атырауда алғаш рет әскери бағыттағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және елімізде танымал саналатын BINOM мектептер желісінің екеуі ашылып отыр.
Бауыржан Жақып – арда туған атпал азамат! Ол биыл алпысқа толды. Баукең бұл алты асуды алқынбай-ақ, жұлқынбай-ақ алды. Осы алты белеске желе жортып, жеңісті де жемісті жетті.
Алматыға айтылар мадақ сөздердің басым көпшілігі әсем табиғаты, биік таулары мен жасыл желегімен байланысты екені рас.
«Сәтті жұлдыз» лотореясы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бүгінге дейін 2,3 миллиард теңге аударды
Нәсібін жерден тапқан диқан қауымы мен ұн өндіруші диірменшілердің қазіргі жағдайы мәз емес.
Мемлекеттік тілдің аясы ешбір салада тарылмауы тиіс. Бұның аса күрделі сала – энергетикаға да қатысы бар. Қазір қоғамның кез келген бағыты мемлекеттік тілде сөйлейді. Осы ретте KEGOC акционерлік қоғамының Еңбек қатынастары және қоғаммен байланыс жөніндегі...
Астанада «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс құрылтайы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Құрылтай делегаттарының ашық дауыс беруімен бұл қызметке журналист, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы сайланды.
Жымпитыға барған сапарымызда Жаһанша Досмұхамедов пен Халел Досмұхамедов бастаған алашордашылар үйіне арнайы соқтық. Бұл үй қазір «Алаш» музейіне айналған. Алаштықтар отырған үйде Жаһанша, Халел тұтынған заттар сақталған.
Өркениет алмасқан сайын кітап та өзгеріске ұшырап отырды. Жаңа технологиялардың пайда болуы папирус шиыршықтарынан басталған тарихты электронды кітаптар мен аудиокітаптар сияқты әртүрлі формаларға бейімдеді.
Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару – қазақ байларының Әділетті Қазақстанға адалдығын паш етеді. Мәжіліс депутаттары осындай байламға келді.
Қасиетті Әулиеата өңірі – аңыз-әпсаналарға бай мекен. Мұнда есте жоқ ескі заманнан сыр шертетін тарихи орын көп. Міне, сондай аңызбен астасқан аймақтың бірі – Жуалы ауданындағы Жолбарысқамал бекінісі.
Атырау облысындағы ондаған ауылға құм басу қаупі төніп тұр. Басты себеп – теңіздің тартылуы мен құрғақшылық. Соның салдарынан, толассыз көшкен қызыл құм ауыл ішіндегі үйлерді басып қалуы мүмкін.
«Алабұға, ақ балық, қармағымды қап, балық» деп, қолдағы қармақты құлаштап кеп суға лақтыратын едік бала күнімізде. Қазір балықшы көбейді, балық аулауға қызығатындар саны артты. Өйткені демалысын табиғат ортасында өткізгісі келетіндер қатары аз емес.