Кеше Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы аяқталды.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы күн тәртібі нақтыланды.
«Кетемін мен Сегізінші Аспанға...». Осылай деп жырлаған Әмірхан ақын да арамызда жоқ.
Қоғамдық көлік мәселесі қай кезде де өзекті болған. Жолаушы тасымалдайтын компаниялардың көліктерінің аздығы былай тұрсын, олардың сапасы да сын көтермейтін.
Жыл сайын 15 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Айтулы датаға орай Қарағанды қаласындағы Достық үйінде кеш өтті.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында білім беру сапасын арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл мақсатқа біліктілігі жоғары мұғалімдерді даярлау жүйесін енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Биыл Петропавл қаласындағы үш орыс мектебінде қазақ сыныптары ашылатыны туралы алдын ала хабарланып, барынша жарнамаланғанымен, сәуір айында Sakura порталы арқылы бір де бір өтініш келіп түскен жоқ. Орыс мектептеріне бірінші күні-ақ 90 өтініш түседі.
Атырауда апатты үйлер мәселесі өзекті. «Мұнайлы астана» деп аталатын Қазақстан экономикасының басты доноры саналатын Атырау облысында қазір апатты деп танылған 112 үй бар.
Республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» тасжолының мүшкіл халге түскеніне көп жыл болды. Көптің сынына ұшыраған күрежолдың жөнделуін күткендердің талап-тілегі әсте бір толастаған емес. Алайда түрлі себептермен жұтаң тартқан жолдың жайы тасада қал...
Оңтүстік Кореяның журналистер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен «Дүниежүзілік журналистер конференциясы – 2023» аясында тұмса табиғатымен, терең тарихымен тәнті еткен кербез қала – Пусанға жол түсті. «Пусан» десе көбіміздің ойымызғ...
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы омарташыларының аралары жаппай қырылып қалып, едәуір шығынға батқан. Шаруалар жәндіктердің өлуін егістікті дәрілеу кезінде араға зиян келгенімен байланыстырады. Ал сала мамандары мұны жоққа шығарады.
Биыл елімізде тағы бірнеше әлемдік университеттің филиалы ашылады. Осылайша, алдағы бес жылдың ішінде отандық жоғары білім беру саласы айтарлықтай өзгеріске ұшырамақ. Шетелдік университеттердің филиалдарын ашудың негізгі мақсаты – жастарды елімізде...
Соңғы 4-5 жыл бойы тұтас ел аумағында киіктер саны өсіп келеді. Даланың еркін жануарының өскені қуантқанымен, олардың көбеюі ауыл шаруашылығы саласында күрделі мәселелерді туындатты. Жабайы жануарлар егіс алқаптарын ойрандап, елдің бірнеше аймағында диқа...
Туғанынан тірідей айырған тағдырына көніп, құлдықтың қамытын киген жәбірленушілердің құқығын қорғау маңызды. Мәселен, пандемия кезінде адам саудасы бойынша тіркелген қылмыс саны 6 есе артқан.
Елімізде жұмысшылардың үлкен бөлігі қорғалмаған. Арасында аутстаффинг, аутсорсинг форматында еңбек ететіндер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, фрилансерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтіндер бар. Мемлекет соңғы үш санатты әлеуметтік қамс...