Жайылым жерінің жетіспеушілігі, субсидия алудағы қиындықтар, тексерістің көптігі, бал сатудағы түйткілдер – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кезігіп отырған мәселе аз емес. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік органдардан осы мәселелерді ше...
Жаһанда экономикалық, әскери және саяси қос супергигант бар. Әлемдік архитектоникадағы іргелі өзгерістер де соларға байланысты. Әңгіме әрине, АҚШ пен Қытай жайында. Бүгінде Шың елі дүниежүзілік саясаттағы орнын бекемдеп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды.
Сыр өңірінде Халықаралық отбасы күніне орай 25 қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, ағартушылық-зияткерлік, ғылыми-танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылмақшы. Соның ішінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау басталды.
Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында Халықаралық отбасы күніне арналған «Еңбегі жанған арулар» атты іскер әйелдер форумы өз жұмысын бастады.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, алда атқарылуы тиіс мәселелерді бірлесіп шешу қажеттігін жеткізді. Жұрттың талап-тілегі ең бірінші орында екенін айтқан ол мұндай кездесулердің қала өмірін жандандыруда...
Елордада тұңғыш рет өткізілген Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde–2023» І қалалық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды.
Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс отырысы өтіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
B-FEST таланттар фестивалі мәресіне жетті. Сайысқа бес бағыт бойынша BINOM мектептерінен 15 мыңға жуық оқушы қатысып, бақ сынады. Үздік атанғандар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында 18 мамыр күні болатын жалпы отырыстың күн тәртібі бекітілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Төрткүл дүние Доха қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатына көз тігіп отыр. Себебі бұл сынға 99 мемлекеттен 670-тен астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеге біздің құрама да өте ұзақ және тыңғылықты дайындалған болатын. Алайда алғашқы күндерден-а...
Жақсы ауданына қарасты Қима ауылы тұрғындарының мәселесіне құлақ салар ешкім болмай тұр. Ауылдың маңын түгелдей малдың өлексесі жайлаған. Бейберекет шашылған қоқыс арасында арам өлген мал, басқа да ит пен мысықтардың өлекселерін жиі кезіктіресіз.
Сыр өңірінде қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылды. Бұл жоба индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген болатын.
Биыл Қарағанды облысында 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Осынау ауқымды жоспарға қарамастан өңірдегі бірқатар іргелі мекемеде жұмыс күші жетіспейді.