Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды.
Қазір әлемнің дамыған елдерінде экологиялық стандарттарға ерекше көңіл бөлініп, көлік қозғалысының электромобиль түріне көшу мәселесі өзекті. Бұл бағытта кешенді шараларды қолға алғандар баршылық.
Алматылық «Қайрат» футзал клубы бас бапкер Паоло Рикардо Каканың қызметінен кеткені жөнінде мәлімдеді.
Абай облысындағы орман өрті бойынша жағдай облыс басшылығы мен ТЖ қызметтерінің толық бақылауында. Есепті кезеңде үш өрт ошағын сөндіру бойынша жұмыс жүргізіліп, оның екеуі толықтай сөндірілген.
Никосия қаласында (Кипр) шахматтан ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-тур партиясы аяқталды.
Алматы қаласында Ұлттық медиа қауымдастықтың ұйымдастыруымен «Медиа өлшемдер. Телевизия нарығының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.
Қазақстанда ресми деректер бойынша 350 мыңдай ойынқұмар адам бар. Ал Денсаулық сақтау министрлігі мұндай санатта тек 8 адам бар деген дерек келтіреді.
Шымкентте осыдан 3 жыл бұрын, яғни 2020 жылдың қараша айында «1000 сауда нүктесі» жобасы аясында 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде комиссияның шешімі шыққан еді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлаған-ды.
Сыр өңірінің дала төсінде ерте көктемнен еселі еңбектің лебі еседі. Жер-анаға алтын дән сеуіп, берекелі күзде көл-көсір несібеге кенелуді көздейтін дихан қауымының еңбегі өлшеусіз.
Кеңес заманынан бері келе жатқан тозығы жеткен кәріз жүйелері Ақмола облысы тұрғындарын титықтатып бітті.
Тоқсаныншы жылдардың тұсында «Тараз» десе, талайдың төбе шашы тік тұратын. Өйткені қалада қылмыс аз емес еді. Қазір де көне шаһар бұзақыларымен көш басында келеді. Әсіресе, жасөспірімдер арасында қылмыс көп.
Көбіміз ойлайтындай мықты жаттықтырушы, жылдар бойы жаттығу, әлемдік стандарттағы спортзал – жеңіске жетудің кілті емес. Қазір әлем спорт медицинасы мен спорт ғылымы деген сөзге аса мән бере бастады.
Адамзат бүгінге дейін тұқым қуалау аурулары алдында дәрменсіз болып келді. Алайда соңғы жылдары ғалымдар мұндай дертті толық жеңбесе де әсерін жеңілдететін амалдарды ойлап тауып жатыр.
Жылжымайтын мүлік нарығына қатысты дау туды. Кейбір сарапшы статистиканы көре сала баға құлдырап жатыр деп шулады. Ал нарықта жұмыс істейтін риэлторлар мұны жоққа шығарды: олар бағаның көп арзандағанын байқамапты.
Алматы облысында жыл басынан бері 44,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған екен. Ал жыл соңына дейін тағы 220 мың гектар жер қайтарылмақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек мәлім...