Соғысқұмар тұрғын кім? - Саран қаласында танкке Z белгісін сызып кеткен
Соғысқұмар тұрғын кім? - Саран қаласында танкке Z белгісін сызып кеткен
564
оқылды
Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы танкке тұрғынның бірі Z белгісін бояумен сызып кеткен. Бұл танк қаланың орталық көшесіндегі саябақта ескерткіш ретінде орналасқан. Тұрғындар бұл белгіні әлеуметтік желіге таратып "соғысқұмар тұрғынды табу керек" деп наразы болды. Бейнежазба тарап кеткен соң Саран қаласының әкімдігі мамандары бұл белгіні өшіріп тастады. Қазіргі уақытта полиция Z әрпін салып кеткен тұрғынды тауып алғанын хабарлады. Ол Саран қаласының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала тұрғынының қандай мақсатпен аталмыш белгіні салғаны беймәлім.
"Анықталған тұрғынға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша хаттама толтырылды. Әрі қарай шешім қабылдану үшін материал әкімшіліктік сотқа жолданатын болады", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.