Ипотекаға үй алуға болмайды, пәтер жалдап тұра беріңіз - имам
Ипотекаға үй алуға болмайды, пәтер жалдап тұра беріңіз - имам
2,550
оқылды
Белгілі имам, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлының ипотекаға үй алуға болмайтыны туралы уағызы тарады. Дін маманы көпшіліктің алдында уағыз айту кезінде ипотекаға үй алуға болмайтынын, оның өсім екенін қадап айтқан.
"Ипотекаға үй алуға болмайды. Ипотека деген не? Ол жерде не бар? Ол жерде өсім бар. Өсім  дұрыс емес. Мынадай сұрақ келген: "Мен жалдамалы пәтерде неше жылдан бері тұрып жатырмын. Ақшаны біреуге беріп, ауаға шашып жатқандаймын. Өзімде үй де, баспана да жоқ. Біреуге беріп жатырмын. Ипотекаға үй алсам, өзіме қалатын еді ғой" деген сөз айтылды. Пәтер жалдап тұрсаңыз да иманды, ибалы ұрпағыңыз өсіп жатыр. Тақуа балаларыңыз, иманды қыздарыңыз өсіп жатыр. Уайымдамаңыз. Өмір бойы пәтер жалдап тұратын адам жоқ. Алла Тағала барлығына үй береді, сынақ сондай", - деді имам.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ӘСЕРЛІ-АҚПАРАТТАР-ӘЛЕМІ (@omir_aii)