«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Астана қаласы әкімдігінің «Би спорты дамуының ұлттық одағы» РҚБ қолдауымен Халықаралық жастар күніне орай Bir tolqynda заманауи би чемпионатын ұйымдастырды.
Алматыда 15-18 тамыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірім ұлдар және қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық жарысқа 6 елдің құтқарушылары қатыспақ.
Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі жылыжай кешенінің капсуласы салынды.
Әлем көз тіккен көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын жамбы атушылардың есімі белгілі болды. Кіл мықтылардың арасында Азия, сондай-ақ әлем чемпиондары жүлдегерлері бар.
Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексі 0,1%-ға төмендеп, жылдық өсу қарқынын нөлге түсірді. Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөнін...
Мәжіліс депутаттарының аймақтардағы жұмысы жалғасуда. Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Талдықорғандағы Орталық стадионның реконструкциясы барысымен танысып, облыстың спорт қоғамдастығымен кездесті.
Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 57 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонақтары, соның ішінде Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, Германия, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия және т.б. елдердің азаматтары Қазақстан Республикасы Президенттік орталығына келген.
Жақында Абайдың қос ұлы Ақылбай және Мағауиямен бірге түскен суретіне жасанды интеллектің көмегімен жан бітіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Алдағы жексенбіде Олимпиада ойындары аяқталады. Әзірге Қазақстан құрамасы жалпы есепте 31-орында тұр.
Осыдан тура екі ай бұрын 3 бас жабайы жылқы тұқымының Қостанай облысы аумағындағы «Алтын дала» табиғи резерватына жіберілгенінің куәсі болғанбыз. Керқұлан-кертағы деп ресми атау берілген тағы жылқылардың жағдайын біз содан бері ұдайы зерделеп, бақылап оты...
Соңғы кездері тек қана ұялы байланыс қызметтерін ұсынудан түсетін кірістердің төмендеуі телеком индустриясындағы жаһандық трендке айналды. Сол себепті көптеген нарық ойыншысы «жан бағу» үшін өз қызметінен тыс жаңа өнімдерді ұсына бастады.
Абайдың бар мен жоқтың бойын бойлап, бақи мен жалғанның шекарасын оймен барлап, Хаққа тура бетін бұрып, жаныңды көзіңе көрсеткендей етіп сондай бір сеніммен нақтап тұрып айтқан сөзі – Жан мен Тәнге қатысты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осыдан тура 11 жыл бұрын, 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.
Қазақ кескіндеме, сурет өнерінің негізін қалаған Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толып отыр.
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда.