Той иесі ретінде қонақтарыңыздың мейрамханаға бала ертіп келгенін қаламайсыз ба? Ендеше бұл өтінішіңізді тойға шақыру билетінде атап өтсеңіз болады екен. Осылай жасаған Индира Тыржанованың жақында TikTok желісінде жариялаған бейнеролигін көпшілік қызу тал...
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнімен бірге елімізде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек мектеппен қоштасады. Халық саны жылдан-жылға артып отырған бас қалада да биыл он мыңға жуық оқушы үлкен өмірге жолдама алмақ.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейді қазақ. Сол айтпақшы, 2021 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Ендеше 2 млрд ағаш егу жоспары қалай орындалып...
Қазақстан шетелдегі қазақтар арасында «Ата жолы» картасын тарататын болды. Бастапқыда Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында «Қазақ картасы» аталған ол жатжұрттағы барлық қазаққа емес, тек байларына және мықты мамандарына берілед...
Қазір балалар арасында бұрын-соңды атын естіп, білмеген ауру-сырқаудың түрі көбейді. Әсіресе, бәрін жақсы түсінетін және анық еститін, бірақ сөйлей алмайтын бүлдіршіндер жетіп артылады. Ғылымда алалия деп аталатын бұл аурудың бірнеше түрі бар екен.
Мемлекет басшысы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады.
Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, депутаттар, қоғам белсенділері мен ардагерлер қатысты.
Astana Opera театрында «Етік киген мысық» опера-ертегісінің премьерасы өтпек. Аталмыш спектакль театрдың балалар күніне тартуы болмақ.
Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Амангелді Толамисов Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.
«АMANAT» партиясының Түркістан облысы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған ақпараттық қолдау орталығында ашық есік күні өтті.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуі мәселесіне баса мән береді. Ведомство аталған елдің «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанның қосылуына мүдделі.
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Спасск мемориалдық кешенінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың және Еуроодақ елдерінің бірқатар елшіліктерінің өкілдері қатысуымен естелік белгілерге гүл шоқтарын қою рәсімі өт...
Астанадағы «Қазақконцертте» дәстүрлі әнші Асқар Мұқияттың «Асқар асу» атты шығармашылық кеші өтті.
Елордада биыл 1 900 орынға арналған 5 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Ал 2025 жылға дейін жеке инвесторлар мен жоғары оқу орындарының меншікті қаражаты есебінен 11 мыңға жуық орындық студенттер үйі қолданысқа берілмек.