Әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші – Мәдениет. Мәдениет айдары бойынша жаңалықтар топтамасы осында.
15 қыркүйек күні Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXXIII жаңа маусымын бастайды.
Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы датаға орай елімізде 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні ретінде бекітілгені белгілі. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.
Танымал түрколог, академик Дархан Қыдырәлі 2023 жылғы Юнус Эмре сыйлығының лауреаты атанды.
Күздің басы Алматы жұртшылығы үшін ежелгі дәуірге саяхат жасаумен бастау алды. Қала күніне орай жоспарланған шаралар көп.
«Креативті индустрияны дамыту керек». Бұл – «Текемет» қолөнер шеберханасының құрылтайшыларының бірі Тоқжан Бабиеваның сөзі.
Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдығына арналған BIKEN I Халықаралық театр фестивалі өтеді.
Жыл сайын өтетін Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі елорданың Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті.
Жақында Алматы облысының Райымбек ауданында күйші-композитор Қожеке Назарұлының 200 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
Қыркүйек айында тірі болғанда 80-нің сеңгіріне шығатын Оралхан Бөкей жайлы айтылып та, жазылып та жатыр. Ол – заңдылық. Өйткені Алла сыйлаған 50 жасқа жетер-жетпес, аз ғұмырында артына өшпес дүние қалдырып кеткен Оралханды айтпау, еске алмау – қазақтығымы...
Білімнің бастауы – оқулық. Кітап арқылы бала әріп танып, ғылым атаулымен алғаш танысады. Қазір мектеп оқулықтары заман талабына сай мазмұнын да, форматын да өзгерткен.
Жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның қос томдық дилогиясының «Үзілмеген үміт» атты романында 20 ғасырдың ортасында қазақ даласында жарылған Семей ядролық атом бомбасының зардаптары асқан шеберлікпен жазылған.
«Сұлтанмахмұттың алғашқы биографы» (Айқын. №44, 20 сәуір 2023ж.) аталатын Мөлдір Төлепбайдың мақаласын оқыған соң, Сұлтанмахмұттай асау жүректі ақын тағдыры, әдеби мұрасы жайында ойға берілдім.
Биыл Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының 300 жылдығы ел көлемінде аталып жатыр. Бұл уақиғаның құрметіне алдымен түбі бір түркінің бесігі Түркістан қаласында ескерткіш орнатылды
Жамбыл облысында ең үлкен елді мекен Мойынқұм ауданы саналады. Батысы Жамбыл тауымен, шығысы Қозыбасымен шектесіп жатқан өлкенің қойнауы қандай құтты болса, тарихы да аңыз-әпсаналарға бай.
Айтыс өнері ерекше қарқынмен дамып, қайта тұғырына қона бастаған жылдарда, яғни өткен ғасырдың соңында Жетісу жерінің намысын қорғаған жаркенттік қос жампоз Айтақын Бұлғақов пен Жандарбек Бегімбетовтің, ақсулық Ханыша Райысованың өнерлері өзіндік ерекш...
Өнер жүгін өрге сүйреп, қазақ әдебиетінің шығармашылық мәртебесін көркейту жолында өзінің саналы өмірін түгелдей руханиятқа арнаған Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – жазушы, драматург Әкім Тарази туралы бір үзік сыр.
Елге белгілі гитарист Бауыржан Әшіғалиевтің өмірі талқыға салынуы жұрттың пікірі себеп болды.
Ғылым тілінде тасқа жазылған жазулар петроглиф деп аталады. Әлем ғалымдары оның пайда болу кезеңін соңғы палеолиттің кейінгі шағымен байланыстырады.
Абылай хан әскерінің Жүзбасы әрі ұрыс даласында ең сенімді ту ұстаушыларының бірі болған Сазанбай батыр туралы ел аузында небір тамаша деректер бар.
Х-ХІІ ғасырда ұлы Қараханидтер мемлекетінде билік құрған Шамахмұд Бұғра Қарахан жайлы ел ішінде аңыз-әпсана өте көп. Оның әулиелігі хақында аңызбен астасқан оқиғалар да аз емес.
Қазақ әндерін кәрісше шырқап жүрген оңтүстіккореялық Сон Уон Сабты (Song Wonsub) тыңдармандар жақсы біледі.
…Не жетпейді? Әл-ауқат, байлық, тоқшылық жақсы-ақ.Жан бағу емес, «жанды сақтау», рухани жағынан жұтамау одан да жақсы.
Биыл ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойы. «Халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық қайсы десең, кімді еске түсіреміз?»
Қазақ хореграфиясының тарихы тереңде жатыр. Осы би өнерін терминологиялық, ұлттық құндылық жағынан зерделеп жүргендер көп емес. Сол санаулылардың қатарында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тойған Ізім ба...
Балқаш көлінің жағажайында алғаш рет екі күн бойы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен «Балқаш Tourfest – 2023» ауқымды фестивалі өтті.
Балаларға арналған Qonzhyq AAP мобильді қосымшасы ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Қолданысқа шыққан күні-ақ ата-аналардың ықыласына ие болған қосымшада 250-ге жуық ертегі, 1 700 ән-күй және түрлі бесік жыры қамтылған.
Бекзат өнер саналатын биді адам баласы көзбен көріп қана қоймай, ішкі жан дүниесімен сезініп, түсінетінін петропавлдық cаңырау бишілер он сегіз жылдан бері әлем сахналарында дәлелдеп жүр.
Біләл Сүлеевтің туғанына биыл 130 жыл толады. Өкінішке қарай, жаппай қуғын-сүргіннің нағыз қызған шағы 1937 жылы өзімен замандас басқа да қазақ зиялыларымен бірге жазықсыз жазалаудың құрбаны болған тарихи тұлғаны Жетісу жерінде іздеу-сұрау салып ж...
Қайраткерлігі мен білімпаздығын, адалдығы мен әділеттілігін, мәмлегерлігі мен шешендігін айқын байқататын Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы алғаш екі томдық болып 2006 жылы жарық көрген болатын. Оған 276 хат еніп еді.
Алматыдан Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Райхан Сақыбекқызы хабарласып, Астанада Ахаңның жиеншары тұратынын айтып, «сол кісімен жолығып, сұхбаттассаң қайтеді» деді. Ахаңның жиеншары дегенге біз де елең ете қалдық. Төрехан Сәдуұлымен біз осылай...
10 тамыз күні Алматы қаласы музейлер бірлестігі Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күніне орай «Қазақтың бас ақыны – Абай» атты танымдық дәріс өтті.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археолог-ғалымдары Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемдегі қола дәуірінің дала пирамидасын тапты. Қазба жұмыстары Абай облысында жүргізіліп жатыр.
Қарағанды орталық саябағында еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Бұқарекең жырлайды» республикалық фестивалінің қатысушылары екі сағаттан астам уақыт бойы Бұқар жырау Қалқаманұлы мен басқа да ақындар мен жыраулардың шығармаларымен көрермендерді қуантты. Ә...
10 тамыз – адамзаттың алыбы, ойшыл, философ, аудармашы, композитор, кемеңгер тұлға Абай күні.
Қойнауы талай сырды бүгіп жатқан Атырауда тарихи мекендер өте көп. Соңғы жылдары аймақта тарихи мекендерді жаңғырту бағытында қозғау болып жатқаны қуантады.
Мағрифаттың басты ілхам аңсары – тән мен жанның үйлесімі, рухани мақсаты – жан тазалығына жету.
Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директор қызметіне Астанадан арнайы көшіп барғалы пәтер жалдап жүргенін айтты.
Дала заңдарына бейімделген жыртқыш аңды қолға үйрету, оның тілін тауып өз дегеніне көндіре білу көп адамның қолынан келмейді. Сондықтан да дрессура цирктегі ең күрделі жанрлардың бірі саналады.
1993 жылы Шәуешектен кеттім. Кеткенде де қайтып қайырылмастай Қабдеш ағаның ізімен азат Қазақстанға кеттім.
Алматыда «Медеу» мұзайдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі өтті.
1960 жылдары бала кезім, түс кезінде үйге Асаубай деген шал келді, нағашым бастаған екі-үш адам отырған, әңгімелерінің төркіні – жер мәселесі, жердің жаппай жыртылып, жайылымға жарамай қалуы. Сонда Асаубай қарияның айтқаны әлі есімде.
Қазір экотуризмге қызығатындар тұмса табиғаттың арасында болып, отбасымен бірге тынығып, сергіп қайтқанды қалайды.
Біздің бүгінгі кейіпкер – Ольга Григорьева. Өзі журналист, ақын, әдебиеттанушы, Марина Цветаева атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың (2008), Павел Васильев атындағы республикалық сыйлықтың (2010) лауреаты. Еңбек жолын Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья»...
Көне Тараз шаһары жайында тарихтың ақтаңдақ беттерінде де, ел ішінде де айтылып жүрген аңыз-әңгіме көп. Әсіресе, тарихи орындар туралы таңдай қақтырарлық деректер аз емес. Міне, сондай аңызы мен ақиқаты астасқан ескерткіштердің бірі – «Тектұрмас» кесенес...
Әлеуметтік желіде Абайдың «өмір сүрмегенін» ойжота «дәлелдеп» шыққаннан соң әйгілі желеу сөздің иесі З.Батаева өзінің бұл екпінін тіпті үдете түсіп, енді оның ақыл-ойына, біліміне, мұсылмандық оқу жүйесіне күмән келтіруге көшіпті.
Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.
Ертеден ат үстінде күн кешіп, түн қататын көшпенді бабалардың ұлттық ойындары да атпен байланысты болды. Әсіресе, көкпар, бәйге дегенде ішкен асын жерге қойып, делебесі қозбайтын қазақ жоқ десек болар.