Зерттеуге 500-ге жуық адам қатысып, 11 жыл бойы олардың қандай тамақ жегені бақылауға алынған.
Елдос Сметов араға тоғыз жыл салып Астана төрінде күресті. Иә, талантты дзюдошы «Олимпиада алтынын алмай қоймаймын» деп отыр. Демек, 60 келі салмақтағы тартыс одан сайын қыза түседі.
Қай кезде де Сыр өңірі дәстүрлі жыр жауһарларының алтын көмбесі саналады. Өйткені дария бойын жағалай қоныстанған киелі мекенде ежелден жыраулық, шайырлық өнер кең қанат жайған.
Айға жалғасқан арпалыста мемлекет болып, ұлт болып ұйыса қимылдаған кез. Сол қайрат биік рух, шалт қимылмен ұштасып жұрттың су шайған көңіліне демеу болған кез.
Диқан қауым үшін былтырғы жыл оңай болмағаны анық. Жаз бойы көк аспаннан тамшы тамбай қуаңшылықтың салдарынан өспей қалған бидайды қара күз бойы сібірлей жауған жаңбырдан жаппай ылғал басқан еді.
Қураған жас көшетті бір аптаға жуық уақыт ішінде бастапқы қалпына келтірсе, ауруға шалдыққан жануарды кеселден айықтырған отандық өнім туралы естіп пе едіңіз?
Биыл ел өңірлерінің басым көпшілігін басқан тасқын көптеген жолды бүлдірді. Мысалы, кеше БҚО-да қызыл суды өткізу үшін Махамбет пен Сарытоғай арасындағы автожол бұзылып, көлік қатынасы уақытша тоқтатылды.
Кино – өнердің кенже баласы болғанымен, тұтынушысы ең көп мәдени құбылыс» деген пікірге келіспеске амалымыз жоқ. Тұтынушының көптігінен миллиондап, миллиардтап қаржы жинап жатқандар да бар.
Ортағасырлық жауһарлардың бірі Махмұт Қашқари еңбектері – құнды дерекке толы қымбат қазына. Ойшылдың «Түркі тілдерінің жинағы» («Диуани лұғат ат-түрік») атты іргелі шығармасы – тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік емес, түркі тілдерін зерттеуде теңдесі ж...
Мемлекеттік ұйымдарды басқару қағидатында сенімгерлік басқару түсінігі бар. Мемлекет кейде белгілі бір мемлекттік басқарудағы ұйымдарды жеке кәсіпкерлерге уақытша береді. Кейде сатып алу құқығымен береді, ал кейде уақытша басқаруға ғана береді.
Жақында Жамбыл облысында 130 адамды алдап, 246 миллион теңгеден астам қаржыны қолды қылған бес адамнан құралған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Олардың алды сегіз жыл алса, қалғандары алты жылға сотталып отыр.
Атыраудағы ерекше жағдай көпті жылатты. 20 күн, 20 ай емес, бақандай 28 жыл бойы баласын іздеген ана ұлымен кездесті. Бір ғажабы, қарт ана арада қанша жыл уақыт өтсе де ұлының аман-есен оралатынынан үміт үзбеген.
7 мамыр – Отан қорғаушы күні Алматы облысының тұрғындары Алматы-1 теміржол стансасында су тасқыны болған апатты аймақтан, Батыс Қазақстан облысынан оралған Алматы облысының құтқарушылары мен еріктілерін қарсы алып, құрмет көрсетті.
Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) қолдауымен Тұрақты дамуға жәрдем көрсету орталығы «Тұрақты органикалық ластаушы заттар мен пестицидтер: олардың денсаулық пен қоршаған ортаға қаупі және басқару шаралары...
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұратәлі Төлепбергенұлы мен Нина Мосуноваға Мемлекет басшысының арнайы жолдаған алғысын жеткізіп, пәтер кілттерін табыстады.