Жамбыл өңірі өндіріс саласымен қатар индустриялық-инновациялық әлеуетімен де ерекшеленеді.
Жетісу облысы әкімдігінің бұл жолғы кеңейтілген кеңесінде аса өзекті мәселелер қаралды. Биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігіне бағалау жасалды.
Астанада 12 жасқа дейінгі спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
«AMANAT» партиясы аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесуде. Сабақ басталғанға дейін 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтық керек-жарақтарын табыстайды.
Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кездеседі.
Соңғы жылдары БАҚ-та суицид тақырыбы жиі көтеріледі. Қыз-келіншектердің де, ер-азаматтардың да, жастардың да өзіне-өзі қол салып, қаза тапқанын есту де үйреншікті болып кеткендей көрінеді. Тіпті, қалыпты бір дүниеге айналғандай...
Еліміз бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп келе жатқанына биыл 10 жыл. Осы уақыт ішінде байқауға республика бойынша 20 мыңнан астам отбасы қатысып, бақ сынапты. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан 2 000-нан астам отбасы ұлттық байқауға қ...
Атырауда ауа сапасы күн санап нашарлап барады. Басты себеп – табиғат ресурстарын пайдаланушы кәсіпорындардың көбеюі.
Жақында әлеуметтік желіні ақтарып отырып, қыз-келіншектерді харассменттен қорғайтын мобильді қосымша жайлы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Түбіне дейін зерделеп қарасақ, аталмыш жобаның авторы мектеп оқушылары екен.
Жалпы халық арасында түйе жануары ерекше қасиеттерімен дараланады. Жаратылысынан шөлге шыдамды келетін бұл түліктің жүні емдік қасиетке бай саналады.
Әдетте «этикет» сөзі біздің ойымызда қымбат мейрамханалармен, галереялармен, классикалық киіммен, сән-салтанатты кештермен байланысатыны рас.
Абылай хан әскерінің Жүзбасы әрі ұрыс даласында ең сенімді ту ұстаушыларының бірі болған Сазанбай батыр туралы ел аузында небір тамаша деректер бар.
Х-ХІІ ғасырда ұлы Қараханидтер мемлекетінде билік құрған Шамахмұд Бұғра Қарахан жайлы ел ішінде аңыз-әпсана өте көп. Оның әулиелігі хақында аңызбен астасқан оқиғалар да аз емес.
Әлемде Голливуд фильмдері ең үздік саналады. Бұл алпауыт кино компаниясында өнер көрсету әрбір актердің арманы десек те болады. Елімізде құрылған Nomad Stunts каскадерлер командасы осы биіктікті бағындырған жалғыз топ.
Елімізде енді қыз алып қашқаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің қолдауымен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1-бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды.