Tag: Ұлыбритания
Үлкен жолаушылар ұшағы дронмен соқтығысуға аз қалған
Ұшқышсыз аппараттарды пайдалануды реттеуді көптеген ел қолға ала бастады. Америка мен Еуропа елдерінде ондай ұшақтарды реттейтін бірқатар заң да қабылданған. Дрондарды ұшыруға қатысты ережелер Қазақстанда да бар.
Мектепте смартфондарды арнайы сөмкеге салуға мәжбүрлеуде
Мектеп оқушыларына сабақта телефон ұстауға рұқсат беру мәселесі көптеген елде талқылануда. Британдық оқу жүйесіндегі элиталы мектептер мен мемлекеттік мектептерде смартфон ұстауда шектеулер енгізіле бастады. Мұндай тыйым басқа елдерде де бар.
Британ кітапханасын қаскөйлер бұзды
Британ кітапханасы кибер-шабуылдың құрбаны болғанын мәлімдеді. Қаскөйлер кітапхананы 31 қазанда шабуылдаған. Кітапхана оқырмандарының жеке деректері жабық darknet желісінде сатылымға шығарылған.
Жүргізушісіз автобустар сынақтан өтіп жатыр
Автономды көліктердің қала көшелерінде жүретін уақыты жақындап келеді. Tesla, Mercedes-Benz, Audi мен Ford, BMW компаниялары адамның басқаруынсыз өздігінен жүретін көліктерін сынауда. Бәсеке өте жоғары
Король жасанды интеллект қауіпті екенін сезінген
Ұлыбритания Королі Чарльз жасанды интеллектің тәуекелдерімен «шұғыл әрі бірлесіп» күресу керек дейді. Ол бұл туралы Лондоннан 84 шақырым жерде орналасқан Блетчли паркінде (Bletchley Park) өтіп жатқан ЖИ қауіпсіздігіне арналған саммитке қатысушыларға жолда...
Бүгін бүкіл әлемнің назары Лондонға бұрылды
Жасанды интеллект адамдардың досы ма, дұшпаны ма? Ол адамзатты құтқара ма, әлде жойып жібере ме? Бұл сұраққа ғұлама ғалымдар да жауап бере алмауда. Бүгін Лондонда өтетін саммит осы мәселені талқылайды.
Жас ғалымдардың жұмыс тобы құрылды – Күнсұлу Закарья
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Жас ғалымдардың диалогы: Science Talks» III халықаралық форумын өткізді.
Даулы заң интернетте балалардың қауіпсіздігін күшейтеді
Интернетті балалар үшін қауіпсіз етуді көздейтін даулы заң күшіне енді. Заң бойынша технологиялық компанияларға көбірек жауапкершілік жүктелген. Бірақ заң әлеуметтік желілерді толық қауіпсіз жасай ала ма?
Жарты миллион жыл бұрын ағаштан жасалған заттар табылды
Өзен жағасынан табылған көне ағаш қиындылары ежелгі адам туралы түсінікті мүлдем өзгертті. Ежелгі адамдар ағашты пайдаланып, күрделі құрылыс салған деген болжам айтылуда. Жасы жарты миллион жыл болатын ағаш қандай мақсатта қолданылған?
Заңды бұзған әлеуметтік желілер 10 миллиард теңге айыппұл төлейді
Жаңа заң интернеттегі қауіпсіздікті жақсартуға арналған. Заңды бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады: 10 млрд теңге қомақты айыппұл төлейді, ал кейбір жағдайларда компания басшылары түрмеге жабылуы мүмкін.
Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды
Болашағын ойлаған елдер смартфонның қаупін жақсы түсіне бастады. Мектепте телефон ұстауға мүлдем тыйым салынды. Мұндай тыйым оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.
Жаңа iPhone 15 құны таңғалдырды
Кеше Калифорниядағы мекенінде Apple жаңа өнімдерін таныстырды. Ең басты жаңалық – iPhone-да ғана болған Lightning зарядтау портының орнына USB-C стандарты қолданылатыны белгілі болды. Жаңа iPhone-дардың құны қандай?
Робот үш күнде 297 жүргізушіні ұстады
Көлік жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы жиі кездесетін проблема. Енді жол ережесін бұзушыларға қарсы жасанды интеллект жүйелері қолданыла бастады. Олар бір қолымен рөлді ұстап, бір қолымен смартфонда әріп теріп отырған...
Лондонда су тапшылығы сезілуде
Лондонда суды шамадан тыс пайдалану мен су құбырларының жарылып ысырап болуынан судың берілуі шектелуі мүмкін. Ағылшын астанасын сумен қамтамасыз ететін өзендер мен жылғалар да кеуіп қалған.