Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 27 ақпан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және комитеттердің алдағы отырыстарында көтерілетін мәселелерді талқылады.
Елімізде қарасора өсімдігін өндірістік деңгейде өңдеу қолға алынғалы жатыр.
Кеңес кезеңінің дүрілдеп тұрған шағында Сыр өңірінде көптеген жасырын әскери нысандар жұмыс істеді. Әсіресе, Арал өңірі мен Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында аса құпия мақсаттағы жабық әскери қалашықтар аз болмады.
VR және AR көзілдірік технологияның тағы бір тартымды бөлшегі ретінде күннен күнге қарқынды дамып келеді.
Ақмола облысында жергілікті бюджет кірістері жылдық жоспардан асып түскеніне қарамастан, бөлінген қаражаттың едәуір бөлігі игерілмей қалған.
Газетіміздің өткен сенбідегі санындағы «Жердегі жұмақ қайда бар?» атты мақалада адамзаттың жер бетінде тең құқылы, әділетті қоғам орнатуға деген талпыныстарын, оның әлем елдеріндегі көріністерін сөз еткен болатынбыз.
Мерзімді басылым сататын дүңгіршек алдында қарақұрым кезек тұратын заман тарих қойнауына кетті.
«Бомба қойылды». Соңғы кездері осындай хабарламамен «телефон террористері» тараздықтардың үрейін алуда.
Қазақ боксы туралы пікір сан алуан. Қазақ боксының бүгінгі деңгейіне көңілі толмайтындар қатары артқан.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би ауылы елдегі ең үздік бес туристік ауылдың қатарына енді. Бұл бестікті Kazakh Tourism компаниясы анықтады. Бұл ауылға неге көз түсті? Анықтап көрелік.
Мәжіліс қабырғасында түрлі әлеуметтік желілердің, соның ішінде TikTok-тың қоғам санасына, әсіресе, жас ұрпаққа зияны туралы жиі айтылып жүр.
БҚО-да жалғыз қазақ драма театры екі жылдан бері жабық тұр. Күрделі жөндеу жүргізіледі деп жабылған театр есігі сол күйі ашылмағалы бақандай екі жыл өтті.
Қылышын сүйретіп қыс келген бойда тұрғын үйлер мен сауда орталықтарындағы өрт апаттары туралы ақпаратты жиі құлағымыз шалады.
Taldau Talks подкасының Қазақстандағы салық реформасына арналған жаңа шығарылымы Сенаттың YouTube-арнасында жарияланды. Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер Парламент депутаттарының қарауына ұсынылуына байланысты осы тақырыпты талқылау маңызды...
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев белгілі қазақстандық әнші, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті.
Осыдан үш жыл бұрын «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ашылды. Осы жылдың ішінде бірлестік бас-аяғы 43 қысқаметрлі анимациялық фильмді жарыққа шығарды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Аза тұту шахтадағы қайғылы жағдайға байланысты жарияланған-тын.
Көкшетауда жылу бағасы тағы қымбаттап шыға келгені қала тұрғындарының наразылығын тудырған.
Өткен аптада Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысында мүгедектігі бар адамдардың проблемалары талқыланды.
Өткен ғасырда кеңестік «коммунистік-колонизаторлық» (С.Сәдуақасов) қаскүнем кеңістікте өмір сүріп, сол ғасырдың барлық арандатулары мен қыспағын басынан кешіріп, ақылы мен адалдығының арқасында әлемдік өреге жеткен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа дүниеден өтке...
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жасөспірім баланың төбелестен қаза табуы дүйім жұртты дүр сілкіндіргені жасырын емес.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті.
Кеген ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау мәселесі шешімін тапты.
Париждің ұлттық музейінде қазақ және француз халық музыкасының концерті аншлагпен өтті.
Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ислам диалогін нығайту жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.
Елдің 17 өңірінде «Әкімдер мектебі» жобасы аясында 2 400-ден астам ауылдық округ және аудан әкімдерін кешенді оқыту басталды.
Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен еліміздегі алғашқы бірегей жоба іске аспақ. Өңірдегі дарынды жастардың шабытын шыңдау мақсатында «Мизам» әдебиет мектебі ашылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Иордания астанасы Амман қаласына барды. Онда Мемлекет басшысы Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді.
Атырау тасқын суға дайындалып жатыр. Тасқынның көлемі биыл былтырғыдан да ауқымды болады деген болжам бар.
Аурудан жаны қиналған адамға «сауығып кетесің» деген бірауыз сөздің өзі ем.
Сары құрлықтың басты додаларының бірі қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті.
Батыс Қазақстан облысында қосымша 7 гидро бекет ашылды. Бұл көктемгі су тасқынына уақытылы болжам жасап отыру үшін салынып отыр.
Қазақстанда шаруасы шатқаяқтап, тірлігі тұралап, ісі кері кеткен сала бар, ол – аудит. Сарапшылар елде отандық аудит ұйымдары қалмай бара жатқанын айтып, дабыл қақты.
Алматы қаласында Мұқан Төлебаев атындағы көше бар. Қаланың өзге көшелерінен ерекшелігі де сол – мұнда орналасқан әрбір ғимарат тарихи тұлғалардың өмірімен тығыз байланысты.
Атырауда әлі күнге дейін денсаулық сақтау саласы проблемадан арыла алмай келеді.
Үкімет экономиканың тұрақты дамуына негіз болады деген мақсатта инфрақұрылымды жаңғырту үшін қаржыландырудың жаңа жолдарын іздеуде.
Индер аудандық филиалында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев, облыстық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кент, округ әкімдері, бөлім басшылары...
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 ақпанда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Құсбегілік – қазақтың салтымен біте қайнасып, бірге жасасып, бабадан балаға мұра болып жеткен саф өнер.
Дүние жаралғалы адамзат ізгі қоғамды іздеумен келеді. Көнеден көш тартқан аңыз-әфсаналар мен ертегілер, шежіре-дастандардың барлығының түп негізінде осы идеалды қоғамды суреттейді, соған үндейді.
Педагогтің ізденісі мен оқуы диплом алып, маман атанғаннан кейін де аяқталмайды. Біліктілік үшін жанталас жұмысқа орналасқаннан соң да жалғасады.
Өткен ғасыр соңынан бері жұмысшы мәртебесі мен тұрмысы қатты төмендеді. Посткеңестік кеңістікте телевизия мен кино еңбеккерлердің сұрықсыз бейнесін жасап, әжуа етуде еш ерінбеді.
Жетісу облысында бітік тастар мен ежелгі қорымдардың үлкен шоғыры бар. Бағзы дәуірдің сырын бүккен балбал тастардың бір шоғырын аймақтан көптеп кездестіруге болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты өкілдері жұмыс істейтін зейнеткерлер үшін зейнеткерлікке шығу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруда. Сарапшылардың пайымдауынша, еңбек қызметін жалғастырған жағдайда, зейнеткерлерге ме...
Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі әрі кешенді іс-шаралар қолдануды қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.
Елімізде қоршаған ортаға қатысты жүргізілген іс-шаралар мен акциялар өте маңызды. Өйткені олар қоғамды біріктіру арқылы болашақ ұрпақ үшін таза әрі сау орта қалыптастыруға үлес қосады.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» деп атаған Абайдың адамның кез келген мәселесіне жауабы дайын тұрады.
Елімізде алаяқтық асқынып тұр. Жылына шамамен 45 мыңға жуық қылмыс тіркеледі. Мәселен, 2023 жылы 44 786 дерек тіркелген болса, 2024 жылы ол 45 156-ға, яки +0,8%-ға өскен.