Материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар туралы жаңалықтар
Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-474,7 теңгеге, еуро 514-518 теңгеге, Ресей рублі 5,37-5,49 теңгеге сатылып жатыр.
Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан, оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуді (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) жүзеге асыру үшін негіздердің толық тізбесі айқындалған.
Apple басқа бәсекелестері сияқты бүктемелі телефон үлгісін жасауда. Оның тұсауы 2026 жылы кесіледі деп болжануда.
Сарапшылар алдағы айларда баспананы жалға алу құны қанша пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен 8 адамның үшеуі қайтыс болып, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Жылдың аяғында ресми түрде іске қосылмақ.
Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін, 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендететін қаулы жобасын әзірледі.
Қазақстан өнеркәсібі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында даму қарқынын көрсетті.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,69 теңге болды.
Fast food алыбы мұндай ұсыныс АҚШ аумағымен ғана шектелетінін айтады. Тартымды ұсыныс арқылы компания пайданы емес, жарнама арқылы өзіне клиенттерді тартуды мақсат етеді.
Қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге өседі.
Соңғы жылдары америкалық аэроғарыштық алпауыт Boeing компаниясының ұшақтарында жағымсыз оқиғалар жиілеп кетті. Әуе тасымалы нарығында Boeing ұшақтарына деген сұраныс төмендеуі де мүмкін.
Азиялық чип өндірушілердің акциялары «АҚШ саудаға шектеулер енгізу мүмкін» деген болжамнан кейін бірден құлдырап кетті. Жапондық Tokyo Electron инжинирингтік компаниясының акциялары 9%-ға дерлік төмендеді.
Жеті маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.
Су ресурстарын тиімді басқару шараларын әзірлеп, енгізу көптеген елдермен қатар, еліміз үшін де аса маңызды.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,16 теңгеге қымбаттады.
Кепілсіз берілетін несие көлемі шектелуі мүмкін.
Танымал брендтердің тауарларына сұраныс азайып келеді. Тұтынушылар оларға бұрынғыдай қызықпайтын болған.
Бұл туралы Ұлттық банктің операциялық статистикасында көрсетілген.
Денсаулық сақтау министрі Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл бастаманың кейбір мәліметтерін бөлісті.
Сенбіде (13 шілде) Трампқа жасалған қастандықтан кейін ірі технологиялық бизнес өкілдері өздерінің саяси ұстанымдарын ашық жария ете бастады. Дональд Трампты қолдайтындар қатары көбейді.
Бүкіл әлемді дүрліктірген сенбі күнгі қастандықтан кейін трейдерлер тәуекелі жоғары активтерден қашып, алтын мен швейцариялық франк сияқты тұрақты активтерге бет бұруда.
Әлем елдерінің, жеке компаниялардың жасанды интеллект үлгілерін жасау бәсекесі күшейген сияқты. Олар құпия түрде ең жетілген ЖИ жүйелерін жасауға кіріскен.
ChatGPT-ден басталған таңғажайып мүмкіндіктері бар генеративті ЖИ өнімдерінің пайда болуы үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ақылды роботтар бір күні бақылаудан шығып, адамзатты жойып жібере ала ма?
Биылдан бастап Қазақстанда кәсіп иелері мен оның жұбайы (әйелі немесе күйеуі) Мемлекеттік кірістер комитеті белгілеген тәртіппен 250.00-нысанды декларацияны тапсыруға міндетті.
Германия біртіндеп Huawei және ZTE компоненттерін 5G байланыс желісінен алып тастайтын болды. Неміс үкіметі телекоммуникация қызметін көрсететін провайдерлермен келісім жасап, нақты жоспар құрған.
Арнайы зерттеуге сәйкес, банк қызметкерлерінің 40%-ға жуығы ұдайы стресс жағдайында жұмыс істейтіні белгілі болды. Олардың ішінде өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлағандар саны да өскен.
Жақында Ұлттық банк маусым айында ұлттық валюта бағамы 5,5 пайызға әлсірегенін мәлімдеген болатын. Қазір соңғы 6 аптада құны төмендей түскен теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 480,77 теңгеге жетті.
Қазіргі таңда кеңінен тараған және жедел дамып бара жатқан қылмыстың бірі – интернет желісі арқылы жүзеге асырылатын киберқылмыс. Келтірілген шығын көлемі жағынан да миллиардтаған теңгемен алға озды.
Техногендік апаттар мен әртүрлі катаклизмдер саны жыл сайын өсіп келеді. Әлемде жылына 200-ге жуық су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және экологиялық апаттар болады екен. Олардан келетін шығындар миллиардтаған доллармен есептеледі.
Кванттық физика мен кванттық компьютер туралы бүгінде жиі айтылғанымен, көпшілікке әлі де түсініксіз ұғым. Бұл мақалада оқырманға қарапайым тілмен кванттық құбылыстардың не екенін түсіндіреміз.
Жас мамандар әлеуметтік желілерде өздерінің «жұмыстан жалаңаш отставкаға» кеткендері туралы жиі жаза бастады. Бұл термин жаңа жұмыс іздемей қызметтен мүлдем шығу дегенді білдіреді.
Айына 10-15 миллион теңге жалақы алатын (білімі мен маңдай терімен) адамдардың психикалық денсаулығында ақаулықтар міндетте түрде байқалады. Стресс жағдайда өтетін күнделікті жұмыстан ағза қатты зардап шегеді.
Ондаған мың жазылушы жинаған "Ұлттық банк" парақшасы жалған болып шықты.
Біз ақшаны көбірек жаратсақ, ол соғұрлым көбірек пайда беретіндей, бақыттырақ қылатындай болып тұрады. Шындығында, шығының артқан сайын қалтаң жұқарады.
Президент сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты екеніне назар аударды.
Шағын құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Ай сайын роботтар адамға көбірек ұқсап келеді. Алты ай бұрын Figure-дың күмістей жарқыраған гуманоид роботы BMW зауытында алғашқы жұмысын бастады.
Оның айтуынша, 3 жыл ішінде ұйымға еліміздің барлық өңірінен шенеуніктердің қызметін асыра пайдалану мен түрлі бұзушылықтар туралы азаматтар мен кәсіпкерлерден 9000-ға жуық шағым түскен. Оның ішінде құқық қорғау органдарының көмегімен бизнесті заңсыз қуда...
Бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені (бұрынғы бағасы — 40 320 теңге) құрады.
Қызметтің бұл түрі компанияда жаңадан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қолжетімді болмақ.
500 шақырымдық автоматтандырылған жүк конвейері 25 000 жүк көлігін ауыстырады. Енді миллиондаған тонна жүктерді үнсіз және тиімді таситын транспорт түрі пайда болады.
Жаңа зерттеулер жас ұрпақ қажетті заттарды сатып алу кезінде интернеттегі ықпалды тұлғаларға еліктейтінін, соларға ұқсағысы келетінін көрсеткен. Бұрынғы ұрпақ жаңа стильдерді сатып алу үшін дүкендерге немесе сауда орталықтарына барса, Z буыны онлайн сауда...
Маусымда Ұлттық қордан 430 миллион доллар жұмсалды.
Егер несие бойынша төлем 90 күннен асырып кешіктірілсе, несие беруге тыйым салынады.
Америкалықтар айына 15 500 доллар жалақы алса өздерін қаржылық жағынан қауіпсіз әрі жайлы сезінетінін айтқан. Бұны дүйсенбіде (1 шілде) жарияланған Bankrate жүргізген сауалнамасының нәтижесі көрсеткен.