Қоғамдағы түрлі салалар бойынша әлеуметтің жағдайынан хабардар ететін жаңалықтар топтамасы.
Қазақстан толығымен жобалық басқаруға көшетін болды. Мемлекеттік басқару жүйесін жобалық басқару заң жүзінде бекітіледі. Осыған орай Цифрлық даму министрлігі тиісті тұжырымдаманы және заң жобасын әзірлеп жатыр.
Жетісу облысында болашағынан зор үміт күттіретін дарынды жастарды қолдау жан-жақты. Өзінің білімге, өнерге, ғылымға құштарлығын дәлелдеген талантты талапкерлердің одан арғы ізденістерін жалғастырып, іргелі істердің жүзеге асуына қажетті жағдайл...
Цифрлық дәуірдің тағы бір жұмбағы ашылды. «Кірпіш» телефондарға деген қызығушылық өсті. Ақылды тұтынушы енді смартфон емес, қарапайым девайстарды таңдауда.
Үй жануарларына қоғамдық орындарда қамқорлық көрсету мәдениеті біздің елде де ақырындап дамып келеді. Соның бір мысалы ретінде жуырда басталған Алматыдағы иесіз мысықтарға арналған үйшіктер жобасын атап өтуге болады.
Атырауда соңғы кездері балабақшаларда оқыс жағдай көбейді. Соңғы екі ай ішінде балабақшаға барып жүрген бүлдіршіннің бірі саусағынан айырылды.
Тіршілігін теңізбен байланыстырған Арал өңірі халқы келешегіне алаңдаулы күй кешіп отыр.
Бар күнкөрісі қорасындағы бес тұяқ малына тірелген ауылдағы ағайын қазір шырылдап отыр.
XX ғасыр молекулярлы биология, генетика, медицина және химия саласында тың жаңалықтарға толы болғаны белгілі. Соның ең бір озығы – ДНҚ-ның ашылуы десек болады. Жыл сайын 25 сәуірде әлемде генетика мен осы салада жасалған ғылыми жетістіктердің маңы...
Тамызда мектеп түлектері бақ сынасып академиялық білім алу үшін университеттерге ағылатын кез. Бірақ біз осы секілді белгісіздікті бастан кешіретін тағы бір топты назардан тыс қалдырамыз.
3D биопринтердің көмегімен зертханада адам сүйегін жасап шығаруға бола ма? Назарбаев университетінің биомедициналық инженерия саласындағы профессоры Дана Ақылбекова бастаған бір топ ғалым бүгінде осы жоба аясында еңбек етіп жатыр.
Әдетте жаһан жұрты геосаяси оқиғаларға, мәдениет пен спорттағы жаңалықтарға көбірек назар аударғанымен, адамзат өркениетін алға сүйрейтін ғылымдағы жаңалықтарға да көңіл бөлмеске болмас.
Мектепті енді ғана бітірген бозбала үлкен өмірді неден бастарын, қандай мамандық таңдарын білмей қиналады.
Дүниежүзілік банк 2050 жылы Қазақстанның әлемдегі судан әбден тарыққан елдердің қатарына кіруі мүмкін екенін жариялады.
Аз уақыттан соң жаңа оқу жылы басталмақ. Уақыт жақындаған сайын ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін қамдана бастайды.
Компьютерлік бағдарламаны өзі жазатын машина жасалды. Енді көптеген IT мамандар жұмыссыз қалатын болды
Еліміздің салық саясаты тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылда эволюциялық жолмен бірнеше реформаны бастан кешірді.
Жетісу облысындағы білім саласында білікті кадрлар тапшылығы біртіндеп шешіліп келеді. Алайда дәл қазіргі кезде өңірдегі жалпы білім беретін орындарда 157 педагог жетіспейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, биылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер 98 мың бос жұмыс орны туралы ақпаратты орналастырып, жақсы кадр іздеген.
Өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды.
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорлаған қылмыскерге қатысты шешім шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Сатып алушының іс-әрекетін бақылап, талдайтын жүйе жасалды. Енді супермаркет камералары жасанды интеллект көмегімен тұтынушылардың талғамын зерттейді.
Бүгінгі кезең – медианарықтың негізгі нысаны саналатын оқырман, тыңдарман және көрерменнің тұтыну еркіндігі дәуірлеген уақыт.
Бурабай ауданында қарапайым халықтың жанайқайын тыңдар құлақ табылмай тұр. Әсіресе, аудан орталығы Щучинск қаласы тұрғындарының өкпесі қара қазандай.
Жетісу облысында мүгедек балаларға қамқорлық пен қолдау жасау бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Елімізде әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлініп келеді. Зайырлы, әлеуметтік мемлекет ретінде оның қымбат қазынасы адам екені белгілі.
Ресейдің «Астық бастамасынан» шығып, Қара теңізде блокада ұйымдастыруы салдарынан бұл теңіздегі сауда жолдары қауіпті болып кетті.
Атырау облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 25 ауыл жаңғыртылады. Бұл мақсатқа 9,8 миллиард теңге бөлінген.
Қарағанды қаласында бірнеше баланың уланып, біреуінің қайтыс болғаны қоғамда қызу талқылануда. Бұл оқиға 30-31 шілдеде болды.
Періштені де жолдан тайдырған алтын үшін бағзы заманнан бері әлемде даулы оқиғалар, тіпті алапат соғыстар да болғаны аян.
Жаз басталса Қызылорданың ми қайнатар ыстығына төзу мүмкін емес.
Жер бетінде тіршілік жаратылғаннан бері дамыған қай қоғамда, қандай ұлтта болмасын, әйел заты әдемілікке ұмтылған. Тіпті өркениет атаулыдан бірқатар артта қалған кейбір тайпалардың өзінде әсемдік ұғымы өзінше қалыптасқан.
Түс – адамзат баласына құпиясы толық ашылмаған тылсым дүние. Ежелден бері түс біздің тұрмыс салтымызға енген. Түске қатысты түс садақасы, түсті көшіріп алу секілді ұғымдар қалыптасқан. Әлі күнге дейін түс ғалымдардың зерттеу тақырыптарына арқау болуда.
Қазақ баласын жылқысыз елестету мүмкін емес. Ықылым заманнан қыл құйрықты Қамбар ата түлігін асыл қазына санаған Алаштың батыр ұлдарымен қатар Сақ патшайымы Тұмар ханымнан бастап Қабанбай батырдың жары Гаухар, Бопай, Назым батырлардың ат үстінде кірпік қа...
Атырауда жылына бірнеше рет қайталанатын проблема бар. Ол – қамыс өрті. Толық өшіруге бір емес, бірнеше күн кететін тілсіз жау әсіресе жаз мезгілінде тұрғындарға қиындық туғызады.
Биыл еліміз бойынша жалпы 23,4 млн гектар егіс алқаптарына түрлі дәнді дақылдар себілген. Бұл өткен 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық екенін Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми түрде жариялаған болатын.
Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады. Cтуденттің алаңсыз білім алуы үшін жайлы жатақханамен қамтудың маңызы зор. Жыл сайын жатақхана жетіспеушілігі, жайлы да арзан пәтер табу мәселесі студенттердің бас ауруына айналып кеткен.
Кәсіпкерлер Мәскеудің Еуразиялық одақ аясында белсенді тықпалап жатқан тауарларды таңбалаудың қазақстандық бизнеске соққы болғанына назар аудартып, дабыл қағумен келеді.
Жартығасырлық үзілістен соң Жезқазған – Ұлытау өңіріне облыс статусы қайта оралғалы екінші жылға аяқ басты. Жаңа облыс дүние есігін енді ғана ашқан сәби іспетті.
Тауының қойнауы қазба байлыққа толы Кербұлақ ауданы аумағында орналасқан Көксай мыс кенішін игеруге қатысты үлкен бір бетбұрыс басталды.
Арқадағы Қоянды жәрмеңкесіне биыл – 175 жыл. Сауданың ғана емес, өнердің көрігін қыздырған өлкенің тарихы қазақ жерінің тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Өткенді зерделеген жазушы мен тарихшы, өлкетанушылардың қаламына іліккен дүниелер қайта жа...
Жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы, жауапсыздығы, салғырттығы жол-көлік апаттарының басты себебі болып отыр. Осы орайда жол-көлік оқиғаларында адам өлімі мен ауыр жарақаттардың алдын алуға септігі зор қауіпсіздік белдігінің рөлі көп жағда...
Ата-бабаларымыз ықылым заманнан мал шаруашылығымен айналысқан, қазақ даласында бұл шаруашылықтың өзіндік мектебі қалыптасқан дейміз. Бірақ саланың қазіргі ахуалы агросектор саласына жаңаша көзқарас, қадамдар керек екенін көрсетіп отыр.
Tesla нарықтық құны бойынша ең ірі автоөндіруші атанды. Ол жапондық Toyota-ны артта қалдырды. Ал 2023 жылы Tesla компаниясы Toyota мен Mercedes-Benz-ті басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналып, әлемдегі ең әлеуетті электр көлігін жасаушы...
WhatsApp мессенджері жаңа функциясын іске қосты. Ұзақтығы 60 секундқа дейінгі видеоларды мессенджерден жіберуге болады. Құпиялылық толық сақталады. Видео файл WhatsApp чатында толассыз шифрланады.
Он сегіз жас. 1977 жылы орта мектепті тәмамдап, бала кезден армандаған Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, ертегінің шәріндей болған Алматыға бауыр баса бастаған кезде 1978 жылдың көктемі – мен үшін қайырылмастай болған 18 жастың көктемі к...
«Жол апатынан екі адам қайтыс болды», «Үш жолаушы ажал құшты» деген сөздерге етіміз үйреніп кеткендей. Екі күннің бірі қабырғаны қайыстырар жаңалыққа толы. Соңғы алты айда облыстық маңызы бар жолдарда тіркелген 11 оқиғада 7 адам қайтып, 11 адам жарақатта...
Соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ондағы қызмет алушылардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді.
Үкіметтің басты жаңа міндеті анықталды: ол «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асырып, қазақстандық жылу энергетикасы мен энергия жүйесін құтқарып қалуы тиіс.
Эльмира Әмзиева – «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорнындағы шебер қолды тігіншінің бірі.
Соңғы он жылда елімізде жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны 13 еседен астам өскен. Мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспегендіктен, ата-аналар балаларын жеке балабақшаға береді. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мәселесі...