Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған болатын.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан.
Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады.
Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы қазір 523 теңге.
Ғимарат 4 жыл бұрын ғана қолданысқа берілген.
Егер адам көмірсуы көп тағамдарды (мысалы, тәттілерді) көп жесе, түнде оянуға және адамның жүрек соғысының артуына әкеп соғатын көп адреналин шығарады.
Құрылғының жоғалғанына көз жеткізген соң ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне хабарласу қажет.
Алматы қалалық полициясы кеше кешке айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылы туған К.Е.Аубакриге іздеу жариялады.
Есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-дан немесе eGov.kz порталы арқылы алуға болады.
Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
Биыл көгілдір отын 4 елді мекенге, яғни Жібек жолы, Шұбар, Қоянды және «Нұрлы» өндірістік кооперативіне тартылды.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.
Әскери сарапшы, Әскери ғылымдар академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Өмірсерікұлы әскерге шақыру тәртібін түсіндірді.
Осылайша Махмұд Сабырхан техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері қаралды.
Жерасты дүмпуін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.
Шұғыл стоматологиялық көмек қай санаттағы азаматтарға тегін болады?
2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 06:00-да бірнеше автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды.
Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.
Жолдарды 29 қараша сағат 16:00-де ашу жоспарланған.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Белгілі әнші Димаш Құдайберген күтпеген жерден қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова тосынсый жасады.
Елдің басым бөлігінде жел күшейеді.
Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етеді.
Түске дейін доллар 513,20 теңгеге сатылып, сатып алу құны 505,10 теңге болған еді.
Мемлекет басшысы дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан болатын.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 518 теңгеден сатылуда.
Энергетика министрлігі елден мұнай өнімдерін шығаруды бақылауды күшейтуге бағытталған жобаны қолға алды.
Күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Апенин түбегіндегі чемпионатқа 77 елден ойыншы жиналды.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелу ережелері өзгереді. Қазақстан азаматтары жылына бір рет қана жаңа немесе пайдаланылған көлікті жеке пайдалану үшін тауар ретінде кедендік рәсімдеуден өткізе алады.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.
Жуырда «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІ «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Мектепте дереу санитарлық эпидемиологиялық жұмыстар қолға алынып, сыныпта тазалау жұмыстары жүргізілді.
Астанада адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр.
Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
LRT желісі көпдеңгейлі залдары мен платформалары бар 18 стансадан тұрады.
Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы бейнеүндеу жасады.
Азаматтар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасамас бұрын бірнеше ережені білуі керек.
Оның арты көктайғақ пен тұманға ұласуы мүмкін.