Әлемде болып жатқан жаңалықтар топтамасы.
Гуманоид роботтардың дүниежүзілік ойындары технологиялық жетістіктермен қатар күлкілі сәттермен де әлем назарын аударды. Бейжің бұл жарысты өзінің робототехникадағы басымдығын көрсетуге пайдаланды.
Бағдарламалауға болатын Microduck робот-үйрегіне сұраныс алғашқы күндері-ақ күрт өскен. Құны 399 доллар болатын шағын роботқа Қытайдың Rockchip компаниясының чипі қойылған.
Автоматты көлік нөмірін тану камераларына рұқсат берілмейтін болды. Бұндай шешім жеке өмірге қол сұғу және жаппай бақылау жөніндегі алаңдаушылық күшейген кезде қабылданды.
Тағы бір мемлекет қайраткері БҰҰ Бас хатшысы қызметіне таласқа қосылды. 75 жастағы дипломат Антониу Гутерриштің орнына үміткер жеті кандидаттың бірі атанып отыр.
NYT дерегінше, жаңа келіссөздердің нәтижесі әзірге белгісіз
Біреу жасыңызға, тәжірибеңізге немесе біліміңізге қарап қабілетіңізді төмен бағаласа, онымен бірден дауласа кетудің қажеті жоқ. Сарапшы бұндай жағдайда Долли Партон қолданған тәсіл адамның абыройын сақтап, қарсы тараптың мысын басатынын айтады.
Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үндістандық үкіметтің басшысы Украинадағы соғысты тоқтатып, әскери қимылдарды доғаруға шақырды. Бұл мәлімдеме Вашингтон Ресей мұнайын сатып алатын елдерге жаңа тариф енгізуді қарастырып жатқан кезде жасалды.
Ормуз бұғазындағы жағдай қайта шиеленісті. Қақтығыстың күшею қаупі мұнай бағасын көтеріп, Brent баррелінің құнын 90 доллардан асырды.
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы 20 жылдық мансабын аяқтады. Соңғы әлем чемпионатында Испаниядан жеңілу оның қоштасуының ертегідей болуына кедергі болды.
Коммерциялық құпияларды ұрлады деген айыптаулар жоққа шығарылды. ЖИ компаниясының пікірінше, Apple сот арқылы болашақ бәсекелесінің дамуын тежегісі келеді.
Флоридадағы мұхит жағалауындағы үй 59,95 млн долларға сатылымға шығарылды. Бұл үйді ол 2018 жылы 3 есе арзан бағаға алған екен.
Вице-президент Мичигандағы сенаторлыққа Демократиялық партиядан үміткер Абдул Әл-Сайедпен сөз таластырып қалды. Джей Ди Вэнс әйелін саяси пікірталасқа араластырмауды талап етті.
Anthropic ЖИ модельдеріне қажетті есептеу қуатын арттыру үшін 35 млрд долларлық ірі келісім жасады. Техастағы жаңа дата-орталыққа Nvidia өзінің чиптерін орнатумен бірге орталықты жалға алушы ретінде де қатысады.
Грег Чизм қарапайым көгал күтушісінен YouTube-та миллиардтаған қаралым жинаған контент авторына айналды. Алгоритмнің талабына бейімделе берген оның видеолары ақырында үлкен дауға ұласып, арнасының жабылуына және отбасының тергелуіне алып әкелді.
Бұл компания ЖИ-ді әскери мақсатта пайдалануға қойған шектеулерге байланысты Пентагонмен сотта жеңіске жетті. Калифорниядағы федералдық сот АҚШ билігінің компанияға қарсы әрекетін «заңсыз жауап шарасы» деп таныды.
3D-принтерде жасалатын арзан дрон ұстағыштарды Қытай компаниялары жаңа экспорттық өнімге айналдыруға ұмтылып отыр. Украина мен Ирандағы қақтығыстар бір реттік шабуылдаушы дрондардан қорғанудың тиімді әрі арзан тәсілдеріне сұранысты күшейтті.
ЖИ ғасырдан астам уақыт бойы орныққан нарықтық экономика қағидаларын өзгертуі мүмкін. Оның зор көлемдегі деректерді жинап, талдау қабілеті орталықтандырылған жоспарлауға байланысты ескі пікірталасқа жаңа серпін беріп отыр.
Кино және онлайн-контент индустриясында ЖИ құралдары актерлерді жаппай алмастыруда. Миллиондаған адамның табыс көзіне айналған салада цифрлық актерлер мен жүргізушілер әлдеқайда арзан екен.
Президенттің әкімшілігі халық санағын жүргізудің қалыптасқан қағидаттарын өзгертуді көздеп отыр. Ел тұрғындарының қай бөлігі санаққа кіреді, кімдер одан тыс қалады деген мәселе пікірталас тудырды.
Бұл компания ЖИ индустриясындағы мол табысын бөлісетін болды. Дивидендтер мен акцияларды кері сатып алуға 80 млрд долларға дейін қаражат жоспарланған.
26 тамызда Қытай мен Непал шекарасына жақын Гималайда мұздықтың опырылуынан мұз, тас пен лай аралас үлкен тасқын жүрген
Nvidia бір жыл бұрын ірі клиенттеріне өз чиптерін сатып алу үшін қомақты несие бере бастады. Бүгінде компания ауқымды инвестициялық жүйе құруға көшті.
Көшкен азаматтар мен елге қайтып оралғандар арасындағы алшақтық бұл елде жыл сайын ұлғайып келеді. Әсіресе, жастар арасында шетелге қоныс аударуға қызығушылық күшейген.
Оның президенттік мерзімінің 40 пайыздық (2/5) бөлігі өтті. Осы уақытта әлемдегі ең ірі экономика қалай өзгерді? Президент уәдесін орындады ма?
Іс-шараға Тегеранда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, абайтанушы ғалымдар, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Вашингтон санкция арқылы Иранның халықаралық қаржы жүйесіне қолжетімділігін шектеуді көздеп отыр.
ASML компаниясы Қытайға жартылай өткізгіш жасауға аса қажет жоғары технологиялық жабдық жеткізді деген күдік күшейді. Бұл АҚШ әкімшілігінің алаңдаушылығын туғызды.
ЖИ модельдері кибершабуылдарды анықтап қана қоймай, оларды өздігінен жүзеге асыра алатын деңгейге жақындады. OpenAI әзірлеген ЖИ агентінің сынақ шеңберінен шығып, басқа компанияның жүйесіне шабуыл жасауы Батыс елдерінде алаңдаушылықты күшейтті.
Мажарстан аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге қатысып, еліміздің болашағы үшін маңызды осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіре алады.
Басылымның жазуынша, ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізу үшін Иранның келісімі де қажет болады
Ұлыбританияда Ирандағы соғыс салдарынан жанармай бағасы күрт өсіп, бензин, дизельмен жүретін көлікке толтырып жанармай құю алғаш рет 100 фунт стерлингке жетті.
Әлем жаңа ядролық қарулану жарысына жақындап келеді
Оның айтуынша, бұл шара жер сілкінісінен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Қытайда жасалған озық робот жүйелерінің импортына Америка тыйым салды. ЖИ мен робототехника саласындағы технологиялық бәсекенің жаңа кезеңі басталды.
Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесу өткізді.
Сымсыз жаңарту технологиясы жаңа бағдарламалық жасақтама, қауіпсіздік түзетулері мен деректерді көліктерге қашықтан жүктеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның қауіпті жағы да бар.
Бұл туралы Infobae мәлімдеді.
Үш мемлекет келісімнің қорғаныстық сипатта екенін және оның қандай да бір нақты елге қарсы бағытталмағанын мәлімдеді
Бірнеше тілді тұрақты қолдану мидың жас ерекшелігіне байланысты әлсіреуін баяулатады. Жаңа зерттеу көптілді адамдардың ми белсенділігі олардың нақты жасынан әлдеқайда «жас» болатынын көрсетті.
Шығыс Еуропа елдері электр энергиясын үнемдеу шараларын күшейтуде. Бұған Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі – Дунайдағы су деңгейінің тарихи минимумға дейін төмендеуі себеп болған.
Америкалық президент Exxon мен Chevron компанияларын қатаң сынға алды. Энергетикалық алпауыттар әлемдік нарықтағы дағдарысты пайдаланып, шамадан тыс табыс тауып келген. Сондықтан жанармай бағасын төмендетуге тиіс.
Инвесторларды тарту үшін Apple өнімдеріне салықтық жеңілдіктер беріледі. Осы елдің үкіметі жоғары технологиялық өндірісті күшейту мақсатында шетелдік компанияларға берілетін салықтық жеңілдіктерді ұзартуды ұсынды.
АҚШ демократиялық партиясының ішкі тартысы барған сайын Израиль мен Газа мәселесіне тіреліп отыр. Сыртқы саясат америкалық сайлауларда әдетте шешуші рөл атқармайтын. Бұл жолы – бәрі басқаша.
Наурызда қабылданған Конституцияда заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Жаңа Ата Заң тарихи-технологиялық кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп, цифрлық ортада азаматтардың дербес деректерін қорғауды басымдық деп таниды.
Amazon-ның нарықтық капитализациясы алғаш рет 3 трлн доллардан асты. Ол Apple, Microsoft, Alphabet және Nvidia-мен бірге осындай межеге жеткен әлемдегі бесінші компания атанды.
Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармердің үлкен саясаттан кетуі және Францияда болатын президенттік сайлау Еуропада жаңашыл ойлайтын көшбасшыларды билікке әкелері анық. Бұл өзгерістер Украинаға қолдау көрсетудің болашағын күмәнді жасауда.
АҚШ-та Демократиялық социалистер ұйымының (DSA) ықпалы күшейіп келеді. Чикагода өтетін саммитінде ұйым Сенатты тарату, шетелдегі америкалық әскери базаларды жабу сияқты даулы ұсыныстар талқыланбақ.