Жаңалықтар таспасы. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қазақстанның соңғы жаңалықтары. Бүгінгі жаңалықтар.
Мәдина Ералиева қайтыс болған соң, мәйітіне сараптама жасаған дәрігер, әншінің өліміне қатысты өз шындығын айтты. Оның сөзінше, Ералиеваның өкпесі оның басқа ағзаларына қарағанда көлемі кішкентай болған, деп хабарлайды KAZAKH TV телеарнасы.
Павлодар ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар суға батқан әйел мен оның екі баласының денесін алып шықты.
Өңірлерде «AMANAT» филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасуда. Бүгін партияның Ақмола облыстық филиалының XL конференциясы өтті.
Алматыда барахолка базары тағы да өртке оранды. Таңнан бері қаланың осы бөлігінде түтін байқалған.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізбегені үшін Павлодар әкімі Ержан Иманзаиповты қызметінен босатты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызбен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты іске назар аударды.
Қостанайда Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері сотталды. Бұл туралы Tobolinfo.kz сайты хабарлайды.
Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см болатын эхинококк құртын алып шықты.
2023 жылғы оқу жылының тамыз айының жауынгерлік даярлықтағы қорытындысы шарасында көк Туды көтеру мәртебесі Жанарбек Заңғарға бұйырды.
Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізу кезінде барлық бағыттағы автобустарда валидаторлар ауыстырылады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Сұлтанмахмұттың алғашқы биографы» (Айқын. №44, 20 сәуір 2023ж.) аталатын Мөлдір Төлепбайдың мақаласын оқыған соң, Сұлтанмахмұттай асау жүректі ақын тағдыры, әдеби мұрасы жайында ойға берілдім.
Биыл Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында көп игі бастама қолға алынып, тың жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Қала көркі айшықталып, әлеуметтік салада серпіліс байқалады. Экономикалық бағытта да өсім бар.
Жетісу облысының әкімі Әлем чемпионы Исхар Құрбаевқа құрмет көрсетті. Қазақ балуандары грек-рим күресінен көптен бері әлемдік додада жүлде ала алмай жүрген еді. Ересектерді айтпағанда, жастар арасында топ жармағанымызға жеті жылдан асыпты.
Әр адамның бойында ортамен қарым-қатынас жасай алатын, мақсатқа жеткізетін қарым-қабілеттері бар.
Биыл Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының 300 жылдығы ел көлемінде аталып жатыр. Бұл уақиғаның құрметіне алдымен түбі бір түркінің бесігі Түркістан қаласында ескерткіш орнатылды
Жамбыл облысында ең үлкен елді мекен Мойынқұм ауданы саналады. Батысы Жамбыл тауымен, шығысы Қозыбасымен шектесіп жатқан өлкенің қойнауы қандай құтты болса, тарихы да аңыз-әпсаналарға бай.
Жақында жұмыс бабымен сауда орталығына келдім. Негізгі жоспарым сауда жасау емес, әріптестермен маңызды мәселені ақылдасу еді.
Айтыс өнері ерекше қарқынмен дамып, қайта тұғырына қона бастаған жылдарда, яғни өткен ғасырдың соңында Жетісу жерінің намысын қорғаған жаркенттік қос жампоз Айтақын Бұлғақов пен Жандарбек Бегімбетовтің, ақсулық Ханыша Райысованың өнерлері өзіндік ерекш...
Жер бетіндегі 8 млрд адамның 1,5 млрд-ы азық-түлік жетіспеушілігін қатты сезініп отыр. БҰҰ таратқан мәлімет бойынша, 2025 жылы Жер шарын мекендеген халық саны 8,6 млрд-тан асып жығылмақ.
Еліміз көптеген саяси және қоғамдық үрдісті басынан кешіріп жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Екінші Республика: Жаңа Қазақстан» деген биік межені алдымызға қойып, бағындыруға тиісті жаңа белестерді көрсетті.
Өнер жүгін өрге сүйреп, қазақ әдебиетінің шығармашылық мәртебесін көркейту жолында өзінің саналы өмірін түгелдей руханиятқа арнаған Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – жазушы, драматург Әкім Тарази туралы бір үзік сыр.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, күздің қоңырсалқыны басталғанда қыстың қақаған аязы еске түскені рас. Еліміздің басым бөлігі газдандырылмағанын ескерсек, көмір отыны әлеуметтік маңызға ие бола түсуде. Егер мұндағы бағаны уақытылы реттемесе, ол да қымб...
Былтыр 21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерінің басын қосқан жиында ұлттық байлықтың тең жартысы 162 адамның қолына өтіп кеткенін жеткізіп, отыз жыл бойы «қалыптасқан олигополия еркін нарықтың дамуын салмақты шектегені...
Былтыр мектептегі оқу 36 аптаға созылып, сәйкесінше соңғы қоңырау салтанаты да 1 маусымда өткізілді. Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасын қоғам қабылдай қойған жоқ.
Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін қолдау, отандық жиһаз фабрикаларына тапсырыс беру, ұзақмерзімді келісімшарттар жасау және фермерлерді субсидиялау.
БҚО-да 766 білім беру мекемесі бар. Онда барлығы 15 104 мұғалім білім береді. Білім беру саласының қызметкерлері биыл да әдеттегідей тамыз кеңесінде бас қосып, жаңа оқу жылын ашық деп жариялады.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қарасу ауылындағы бұл мектептің құрылысы 2020 жылы басталған еді.
Кеше еліміздің барлық өңірінде «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбымен білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Маңғыстаулық фермерлер мемлекеттің қаржылай қолдауына зәру. Диқандарды Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин тыңдап, мәселенің шешілуіне атсалысатынын жеткізді.
Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу барысында «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді.
Облысқа жаңа әкім келді. Жаңа әкімнен жаңалық күту халықтың арманы ғой, шіркін! Жаңа басшы келгелі мемлекеттік орындарда тыным жоқ.
Соңғы жылдары ғалымы да, ғалым емесі де Шыңғыс ханды қазақ етіп шығаруға тырысып жүр. Бұған негіз де жоқ емес.
Қандай түлен түрткенін қайдам, компания жұмысшыларымен бірге мен де наразылық митингісіне шықтым. Талабымыз біреу: «Еңбекақымызды көтермесе, жаппай жұмыстан кетеміз!»
Күн сайын әйеліммен ұрысып қаламын. Үйден берекет қашты. Интернеттен осыған сауал іздедім. Сүйтсем, әйелді мақтау керек екен.
Бүгін жексенбі. Әйелім бала-шағасымен төркін асып кетті. Қашып кеткен жоқ, балаларым нағашыларын ұмытып қалмасын деп төбе көрсетуге жібердім.
Аудан орталығында шамамен түнгі 01.00 шамасында ер адам танысымен бірге үйіне қайтып келе жатқан.
Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны
Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтеді
Полицияға хабарласқан зейнеткер үйіне тонаушылар түскенін айтып, көмекке шақырған
Жеңіл көліктегі 2 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды
Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі.
Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ақтоғай ауылының ардагері Қажымұрат Батанов ауыл ішіне жаяу жүргінші жолын және Наурыз көшесіне асфальт жол салуды сұрады.
Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамыры аралығында болады.
Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.
Есептік кезеңде облыстың шалғай елді мекендерінде 64 мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, 891 азаматтың мәселесі қаралған.