Әлемде болып жатқан жаңалықтар топтамасы.
Миллиардер жыл соңына дейін ессіз технологиямен ұшатын нұсқасын көрсеткісі келетінін хабарлады. Бұл бай адамды сіз жақсы танисыз.
Бұл компанияның нарықтық құны 5 трлн долларға жетті. Қазақстанның бір жыл бойы шығарған өнімі, қызметі 290 млрд доллар, 17 есе аз.
Аданада 2023 жылы жер сілкінген
Украин әскері бірнеше рет қарсы шабуыл жасап, позицияларын қорғауда
Донецк облысындағы жағдай қиындап бара жатыр.
«Алтай» – Түркияның қорғаныс саласындағы технологиялық тәуелсіздікке және ұлттық өндірістің жаңа деңгейіне шыққанын айғақтайтын маңызды жоба
Сайлау қорытындысы бойынша, Бийя 53,66 пайыз дауыс жинаған.
Жаңаша есептеулер дәуірі әлі орныға қойған жоқ. Бірақ ол күннен-күнге жақындап келеді.
Anadolu Ajansı агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі Ыстамбұл, Измир және өзге де қалалардың тұрғындарына сезілген.
Қарт адамдардың миында уақыттың шекаралары бұлдырап, көмескілене бастайды. Бала кезде жаз аяқталмайтындай ұзақ көрініп, жас ұлғайған сайын жылдар көзді ашып-жұмғанша өткендей сезіледі. Нейробиология бұл құбылысқа ғылыми тұрғыдан жауап береді.
Покровск маңындағы шайқастар жалғасып жатыр
Meta компаниясы бейсенбі күні (23 қазан) заң талаптарының орындалуын тексеру процесін жасанды интеллектке тапсырғанын мәлімдеді. Осыған байланысты тәуекелдерді басқару бөлімінің қызметкерлерін жұмыстан босатқан.
Жергілікті метеорология басқармасы алдын ала ескерткен екен
Пентагон өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа әскери топтың басты міндеті — АҚШ пен Батыс жартышардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Егемендік декларациясын Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі (ресми осылай аталған) қабылдаған. Декларация мәтініне Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Председателі Ерік Асанбаев атамыз қол қойған – 25 қазан 1990 жыл №307 – XII. Ресми құжат о...
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 23 қазандағы Брюссель саммиті нәтижесінде ЕО көшбасшылары Украинаға келесі екі жыл бойы қаржылай қажеттіліктерін қамтамасыз етуді келісіп алды.
Арнайы алгоритмдер TikTok пен YouTube-тағы қысқа видеоларды шексіз айналдыра береді. 5 минуттан бірнеше сағатқа дейін желінің құрсауына түсіп қалғаныңызды байқамайсыз да.
Қуат Хамитов жартылай орта салмақта ресейлік спортшы Анатолий Бойкомен (12-4) күш сынасты.
Адамзат тарихындағы ең ірі жоба – термоядролық реактор жиналуда. Дәл қазір реакторды қосудың соңғы, шешуші кезеңі басталды. Оған қазақ ғалымдары да қатысуда.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көпжылдық достық, өзара құрмет пен түсіністік дәстүрлеріне негізделген қазақ-ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік...
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен және Almaty Tourism Bureau қатысуымен еліміздің ұлттық стендінің тұсаукесері өтті.
Дөңгелек үстелге жергілікті дипломатиялық, академиялық және іскер топтарының өкілдері, сондай-ақ журналистер мен студенттер қатысты.
Соңғы жылдары Чехиядан бөлек, басқа да еуропалық мемлекеттер электросамокатқа бақылауды күшейтуде.
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі «Әл-Хусейн» жастар қалашығында өткен 61-ші жыл сайынғы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесінде ұлттық павильонын таныстырды.
Өткен жұмада (17 қазан) алтын бағасы 4 300 АҚШ долларына жетіп, рекорд орнатқаннан кейін сәл төмендеді. Бірақ жылдың басынан бері алтын екі есе қымбаттаған.
Каботегравир деп аталатын осы бір препарат әр екі ай сайын егіледі.
БҰҰ мен Африка одағы әскери төңкерісті айыптап, азаматтық билікті тез арада қалпына келтіруге шақырды
Иранның Сыртқы істер министрлігі сенбі күні Тегеран енді 2015 жылы қабылданған «Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарының» (БЖІҚЖ) шарттарын орындауға міндетті емес екенін хабарлады.
Басылым мәліметінше, биылғы жылы әрбір қаза тапқан украин сарбазына бес ресейлік тең келеді
Бұл өткел — Газаның сыртқы әлемге шығатын жалғыз жолы
Компанияның мәліметінше, жолаушының қол жүгіндегі литий батареясы багаж сөресінде өздігінен тұтанып, өрт шыққан
Трамп, өз кезегінде, Украина мен Ресейге «қазір майдан шебінде тоқтау керек» деп үн қатты. Екі ел басшылары қауіпсіздік кепілдіктері мен жаңа қару жеткізу мәселесін талқылаған.
Ірі автокөлік өндірушісі ең ауқымды кері қайтару науқанын жариялады. Компанияның 100 мыңнан аса автокөлігінде құрылымдық кемшіліктер мен аккумуляторға қатысты қауіп туған.
Көлік министрлiгi Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясы аумағында болу мерзімдері туралы ескертті.
Tesla бірнеше жыл бұрын алып тасталған толық автономды жүргізу режимін қайта енгізді. Бұл режим Mad Max (Құтырған Макс) деп аталады. Ол бұрыннан бар Hurry (Асығыс) режиміне қарағанда әлдеқайда агрессивті.
Жұмыс орындарын жасанды интеллект (ЖИ) құралдарымен алмастыратын компаниялар ұзақмерзімді салдарды елемей отыр. ЖИ-ді адамдардың әлеуетін арттыру үшін пайдаланған компаниялар ғана тұрақты табысқа жете алады.
Әлемдегі электромобильдердің 70%-ы Қытайда шығарылады. Америкалық бизнес көшбасшылары бұны экзистенциалды қауіп деп атайды. Бірақ олардың жағдайды өзгертуге қауқары да, уақыты да жоқ.
Медиа саласында жасанды интеллекті қолдану жаңа деңгейге көтерілді. Бұрын ақпаратты жазу, редакциялау және тарату толығымен адамның еңбегіне сүйенсе, бүгін бұның бәрін ақылды жүйелер жасайды.
OpenAI басшысы америкалық технологиялық басшылар сирек келісетін сұхбатқа келісіп, журналистердің сұрақтарына тікелей жауап берді. Жасанды интеллект жасаған «көпіршіктің» бар екенін мойындады.
Оның құлағы шуылдай бастаған. Бірақ дәрігерлердің кеңесімен бірнеше жыл бойы жоғары қан қысымы, қатты шаршау және бұлшықет тартылуы сияқты белгілермен күресіп келген.
243-нөмірлі Сенат заңына қол қойылды. Бұл құжатты елдегі «жасанды интеллектіні қорғауға бағытталған алғашқы заң» деп атауда.
OpenAI мәтінді видеоға айналдыратын Sora атты жасанды интеллект құралын шығарды. Оны пайдаланушылар бес күнде 1 миллионнан астам жүктеген. Бұл көрсеткіш ChatGPT-ден де жоғары.
Бас банкир қор нарығының құлдырауы мүмкін екенін ескертті. «Мен басқаларға қарағанда көбірек алаңдаймын», – дейді ол.
Күйзеліс адамның бетіндегі қан айналымын өзгертеді. Үрейлі сәттерде адамның мұрны неге суып кетеді?
Бұл шешім 2025 жылдың 14 қазанынан бастап күшіне енеді және Қытайдың айтуынша, халықаралық теңіз нарығында әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Алғаш рет кванттық телепортация жасалды. Бұл ғылыми қауымдастық үшін үлкен жаңалық, бірақ ол ғылыми-фантастикалық фильмдерге ұқсамайды.
Пластикалық хирургияның «алтын дәуірінде» адамдардың түр-әлпеті ұқсас болу қаупіне тап болдық. Бет-әлпетін жасарту сәнге айналып барады.
Қоймаңызда алтыныңыз болса қуаныңыз. Сары металдың құны рекорд орнатып, 4 000 доллардан асты.
Бұл шешім Қытайдың сирек кездесетін жер металдарына қатысты жаңа экспорттық шектеулер енгізуіне жауап ретінде қабылданды. Әлемдегі сирек металдардың шамамен 70%-ы Қытайда өндіріледі.
Сирек кездесетін жер металдарын өндіретін жалғыз америкалық MP Materials компаниясы өзінің барлық өнімін Калифорниядағы Маунтин-Пасс кен орнынан Қытайға жөнелтеді. Өйткені қазіргі уақытта бұл шикізатты Америкада өңдейтін зауыттар жоқ.