Ауадағы жағымсыз иіс Атырау үшін үйреншікті болып барады. Ал ауаны нақты қай нысан ластап отыр? Бұл сұраққа әзірге толық жауап жоқ. Дегенмен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы тексеру нәтижелері экологиялық мәселеге қатысты жаңа деректерді алға тартты.
Шағын және орта бизнес – халықтың экономикалық әл-ауқатының көрсеткіші іспетті. Кәсіпкерлік дамыған са-йын азаматтардың өмір сүру сапасы да жақсара берері даусыз.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясындағы «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы қасиетті Абай жерінде жастарды, қоғам белсенділерін, ауыл тұрғындарын және ел азаматтарын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Оның түпкі мәні – туған жерге жанашырлықт...
Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі айқындалды. Депутаттардың қарауына Өзбекстан және Пәкістанмен кеден қызметтерінің өзара іс-қимылына қатысты бірқатар халықаралық келісім ш...
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммитінде сөз сөйледі.
Вице-Президент Ерлан Қарин Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Ереван қаласында өткен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі.
Әзербайжанның Баку қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты.
Ресейдегі «Яндекс» деректер орталығына жасалған шабуылдың салдары Қазақстанға да жетіп, күнделікті қызметтердің шетелдегі жүйелерге қаншалықты тәуелді екенін көрсетті.
Қазан айында қазақстандық параспортшылардың асығы алшысынан түсті. Прагада футболшыларымыз қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тойын тойласа, Парижде паратаеквондошыларымыз ел мерейін үстем етті.
Жамбыл облысы кейінгі жылдары қант қызылшасын егуден өзгелерден көш ілгері келеді. Бұл шикізат көлемін арттырғанымен өнімді өткеруде қиындықтар туындап, шаруалар жылда шырыл қағуда.
Жеңілдетілген қаржыландыру, қарыздарға кепілдік беру және консультациялық қолдау Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға өндіріс көлемін ұлғайтуға, жабдықтарды жаңартуға және жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік беріп отыр.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы күнделікті өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Бүгінде мемлекеттік қызмет алудан бастап, қаржылық операциялар жүргізуге, сауда жасауға, түрлі қызметтерді пайдалануға дейінгі көптеген ісіміз онлайн кеңістікке көш...
Қазақстанда кейінгі 7 жылда 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – мемлекет жүргізген жүйелі реформалардың нақты нәтижесі. Осы аралықта жеңілдетілген ипотека, жалдамалы баспана қоры, зейнетақы жинағын пайдалану тетігі іске қосылып, халықтың ос...
Отбасының берекесі оның мүшелерінің бір-біріне деген сенімі, ортақ мақсат жолындағы ынтымағы мен өзара қолдауынан көрінеді.
Құрылтай депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңды қабылдады.
Алматыда мұз айдынының жұлдыздарын бір алаңда тоғыстырған VIII Denis Ten Memorial Challenge турнирі мәресіне жетті.
Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Құрылтай отырысында депутаттар «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заң...
«Әділет» партиясы Орал қаласындағы Дархан көшесіне асфальт төсеу мәселесін шешуге атсалысуда. Бірнеше жылдан бері жолдың жөнделуін күткен тұрғындардың өтініші бойынша партия өкілдері жауапты мемлекеттік органдармен кездесу өткізіп, жұмыстың кешеуілдеу себ...
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында оныншы Astana Media Week апталығы басталды. Мерейтойлық іс-шараға мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, технологиялық компаниялар мен медиа саласының өкілдері жина...
Қарағанды облысындағы Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде газдан уланудың алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты.
Қазақ театрында тұрмыстық комедияның өзіндік орны бар. Өйткені ол көрерменге таныс ортадан, мінезден, күнделікті тіршіліктен нәр алады. Мұндай шығарманың кейіпкерін алыстан іздеудің қажеті жоқ.
Электр энергиясын өндіру Қазақстан үшін қай кезде де маңызды сала саналады. Соның ішінде жаңартылатын энергетика секторын дамыту – өз алды бөлек бағыт.
Адам баласы мыңдаған жыл бойы табиғатпен үйлесім тауып өмір сүріп келді. Табиғат байлығын тиімді пайдалануға тырысты.
Қоғамда энергияға деген сұраныс артқан сайын оның тұрақты әрі сенімді көзін қалыптастыру мәселесі де өткірлене түседі. Бұл бағытта Қызылорда облысы дәстүрлі қуат көздерімен қатар табиғи әлеуетті тиімді пайдалануға көшіп отыр. Соның ішінде күн қуаты ө...
2026 жылғы 26 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қылмыстық құқық және криминология саласындағы мамандардың ғана емес, қазіргі заманғы құқықтық саясатты дамыту мәселелерімен айналысатын барша қауымның ерекше на...
Дарқан даланың табиғи байлығы мен мүмкіндігін ел игілігіне жарату – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Қойнауы қазынаға толы қазақ жерінің әлеуеті енді қазба байлықпен ғана өлшенбейді.
Абай облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ден қойып отыр. Жарма мен Аягөз аудандарында жел және күн электр станцияларын салу жөніндегі инвестициялық ұсыныстар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, экономикалық өсімнің жаңа нүк...
«Әділет» партиясы Халықаралық ерекше қажеттілігі бар адамдар күніне орай бірқатар әлеуметтік акция өткізді. Астанада, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылған түрлі форматтағы шараның барлығы ортақ мақсатты – әр адамның еш кедергісіз, өзге...
Кейде бір оқиға адамның күллі ғұмырына із қалдырады. Бір кездесудің өзі ұмытылмас естелікке айналып, уақытында айтылмай қалған сөз жылдар бойы көңіл түкпірінде сақталады. Адам жанының осындай күрделі иірімдері Қазақстанның халық әртісі, театр және кино ре...
«Әділет» партиясы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының барлық аумағында әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болып жатыр.
Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде SAIRAM-SU TRAIL 2026 тау жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Петропавлда мүгедектігі бар балалар арасында ARM-BACK спорт түрінен ашық қалалық турнир өтті. Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ұйымдастырылған жарысты «Жас жауынгер» денешынықтыру-сауықтыру клубы мен «Әділет» партиясының Петропавл қалалық филиалы...
2019-2026 жылдары Қазақстан шекарасын 56,8 миллион шетел азаматы кесіп өтіпті. Ұлттық статистика бюросы, Туризм және спорт министрлігі, Шекара қызметінің миграциялық бақылау мәліметтері негізінде есептелген бұл цифрдың артында маңызды макроэкономикалық кө...
«Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзиялық жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қабілеттерін дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және қоғамдағы белс...
«Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында «Әділет» партиясы Қызылорда облысы Арал аудандық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қала аумағындағы ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына Қызылорда қаласы Әуелбек Қоңыратбаев көшесінің тұрғындары атынан келген Сағатбек Төлепбергенов азаматтардың өтінішін жеткізді.
Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан «Жуалы құс» кооперативі – биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, несиеге қол жеткізген кәсіпорынның бірі.
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытуға атсалысқан дипломаттардың өмірі мен қызметі бір кітапқа жинақталды. Астанадағы Ұлттық музейде журналист, дипломат Гүлсім Еңсепованың «Дипломатия дарабоздары» атты еңбегі таныстырылды. Жинақта еліміздің сыртқы саясат...
Елордада жастардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық мұраны заманауи медиа арқылы насихаттауды мақсат еткен байқау ұйымдастырылды. Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алтын Орда: тарихқа жаңа көзқарас» атты тарихи контент байқауының жеңі...
Семейдің болашағы бүгінде жаңа шағынаудандардың келбетімен де айқындалып келеді. Қаланың Қарағайлы ықшам ауданында құны 100 миллион АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жоба қолға алынбақ. Шетелдік тікелей инвестиция есебінен жүзеге асатын жоб...
Атырау – мұнай-газ өнеркәсібі қарқынды дамыған, халқы мен өндірістік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан өңір. Қала өсіп келеді, жаңа тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар пайда болуда. Ал олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жылу, электр, су және кәріз жүйел...
«Қазір баланы смартфон тәрбиелеп жатыр» деген сөз көп айтылады. Өйткені бүгінгі бала үшін смартфон байланыс құралы ғана емес, бүтін бір әлем десек болады. Оларға досымен араласу үшін аулаға шығудың қажеті жоқ, тіпті ойынның өзі экранға көшкен. Бұрынғы бал...
Бір адамның тағдыры арқылы тұтас дәуірдің жарасын көрсеткен «Әбіл» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Бұл – киноиндустриямыздағы жағымды жаңалық. Әлемдік кино бәйгесіне жол алған туындының режиссері – Елзат Ескендір. Ол 90-жылдардағы жекешелендіру кезеңін...
Келер жылдан бастап кейбір жәрдемақылар отбасының тұрмысына қарай тағайындалады. Яғни табысы жоғары, тұрмысы жақсы отбасыларға мұндай төлемдер берілмейді. Ал жәрдемақы алып жүрген отбасы ауқаттылар санатына қосылса, төлемі уақытша тоқтайды. Үкімет бекітке...
«Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен бүкіл өңірде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие бола бастады. Емханаларда ашық есік күндері, диагностикалық тексерулер мен кез...
«Әділет» партиясы жасанды интеллект құралдарын әзірлеп, сынақтан өткізетін арнайы зертхананы іске қоспақ. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ЖИ мүмкіндіктерін заң жобаларын талдау мен заңнамалық бастамаларды әзірлеуде пайдалану.
«Әділет» партиясының ұйымдастыруымен әрбір өңірде жүздеген оқушы «Тең мүмкіндіктер» фестиваліне қатысып жатыр. Ақтөбе, Шымкент және Көкшетау қалаларында бочча, жеңіл атлетика және эстафетадан спорт жарыстары ұйымдастырылған.