Кеше Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы экономикалық басымдық туралы баяндады. BaitassovLive YouTube арнасына берген сұхбатында ол жаңа экономикалық модельге көшудің төрт негізгі шартын атап өтті.
Жарма өңірінде бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жалғасып келеді.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ел басшылығымен кездесіп, Samsung Electronics және Сеул ұлттық ғылыми-техникалық университетінде болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы осыдан 78 жыл бұрын құрылғаннан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін әлемдегі ең ықпалды көшбасшылардың басын қосып келеді.
Қазақстандық арулар іріктеу кезеңінде мәре сызығын төртінші болып кесіп, финалға жолдама алды.
Сарқан ауданының топырағы шұрайлы, егістікке де, мал шаруашылығына да аса қолайлы. Онымен бірге аудандағы таулы өңірде жеміс-жидектің неше түрі өседі.
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақ даласын еркін кезген киіктердің саны миллиондап өскені рас. Алайда бағзы заманнан киелі саналған сұлу жануардың көбеюінен ауыл шаруашылығы жылда күрделі жағдайға тап болып жатқаны тағы шындық.
Ауыл шаруашылығы – экономиканың бір бөлшегі ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де алғышарты. Сондықтан да мұндағы механизмдер, соның ішінде қаржылай тетіктер де жоғары тиімділікпен жүзеге асырылуы тиіс. Сондай ұйымның бірі – «ҚазАгроҚаржы» акцио...
Өткен жұмада Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың алдында Kitaptime – 2023 республикалық кітап фестивалі ұйымдастырылып, онда оқырмандар мен авторлар, ақын-жазушылар мен әдебиетқұмар жұрт кітап жәрмеңкесінде қауышып, мәре-сәре болысты.
Соңғы жылдары заңгерлер мен құқық қорғаушылар түрмедегілердің санын азайту туралы жиі мәселе көтеріп келеді. Мамандардың ұсынысына келгенде қоғамның пікірі екіге жарылады.
Бүгінде елімізде 89 қала бар болса, олардың 27-сі моноқала санатына жатады. Бұл қалалардағы тұрғындар саны – 1,5 млн адамға жуық.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ғылымға ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Енді ғылыми жобаларды қаржыландыру қолға алынып, жыл сайын жас ғалымдарға 50 ғылыми стипендия берілетін болды.
Медицина қызметкерлерінің көңіл күйі түсіңкі, рухы жаншылған. Екі айдан бері жалақы алмағаны бар. Тіпті, емханалар тонометр мен термометр сатып алуға медперсоналдан ақша жинаған.
«Мықты өңірлер – экономиканың драйвері». Бұл тәмсіл қызыл сөз үшін ғана айтылмауы тиіс. Олай болса, ауыл, аудан, қала тынысын аша түсетін тың қадамдарды батыл жүзеге асыра беру қажет. Осы орайда Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Әбд...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты бағытты саяси реформаларға бұрып, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам болды. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын.
21 қыркүйек күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Министрлер кеңесінің бейресми отырысы өтеді.
«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының TALQYLAU диалог алаңында кезекті отырыс өтті.
Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
16 қыркүйекте Қарағанды облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған жаппай сенбілік пен эко-шаралар өтті.
Өткен аптада Израильдің беделді басылымы – The Jerusalem Post-қа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Religious leaders can help bring about world peace – opinion атты мақаласы жарияланды.
Алматыдағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында орналасқан №26 жалпы білім беретін мектепте «Менің тілім – ұлы дала рухы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында депутаттар 21 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Талғамы жоғары көрермен Рүстем Жаныамановтың рөліне тамсанудан жалыққан емес. Актер бірде комедиялық рөлдерде бой көрсетсе, енді бірде боевик жанрдағы фильмге түседі. Ең қызығы, әр рөлі – жеке әлем, бір-бірін қайталамайды.
Тоғыз жолдың торабындағы Сарыөзек ауылында халыққа түрлі қызмет түрлерін ұсынатын үлкенді-кішілі кәсіпорындар қатары артып келеді.
Қобыз – Қорқыт бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап қалдырған қастерлі мұрасы. Ел аузында Сыр бойында ізі қалған абыздың өзі осы қобыз үнінің құдіретін пайдаланғаны жайында аңыз әңгімелер аз емес.
Соңғы жылдары дорама жанры әлемдік киносүйер қауым үшін үлкен қызығушылыққа ие бола бастады. Әсіресе, оңтүстік кореялықтар түсіретін түрлі тақырыптағы туындылар көп көрерменнің оң бағасын алуда.
«Жетпісіңде – өрге бас» дейді жұртымыз. Ұлы Конфуций: «Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым» деген екен. Адамды жасына қарап емес, мәдениеті мен біліміне қарай бағалауымыз керек.
Бүгінде тарихы ғасырға жуықтаған Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы театр талай буынды тәрбиелеп, небір талант иелерінің өнерін халыққа паш етіп келеді.
Алаштың екі ардақтысының аттарын бірге атап, қатар беруіміздің өзіндік себептері болып отыр.
Кез келген мемлекеттегі адвокатураның беделіне қарап сол елдегі демократияның қаншалықты деңгейде екеніне көз жеткізуге болады.
Алтын күздің алғашқы айында Сыр күрішшілері егінге жаппай орақ салды. Молшылық мерекесіне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысып, диқаншы қауымға сәттілік тіл...
Биыл Жетісу облысындағы қант өндірісі саласын, атап айтқанда, екі қант зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін фермерлер 370 мың тонна қант қызылшасын өндіреміз деп болжап отыр.
Дария бойын жағалай қоныстанған Сыр өңірі жұртшылығының ежелгі атакәсібі күрішпен қоса балық шаруашылығы саналады.
Технологиялық прогресс пен қоғамның қарыштап дамуы мәңгілік құндылықтарды ығыстыруы мүмкін бе?
Осыдан шамамен 10 жылдай уақыт бұрын біздің елге ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру деген ұғым енді енгізіле бастаған болатын.
Бүгінде экспорт IT индустриясының күн тәртібіндегі негізгі тақырыбына айналды. Технологиялық интеграцияның берер мүмкіндігін тауыса пайдалану – басты міндет.
Билік бұрын кеден заңнамасын бұзғандарға аса қатал қарайтын. Кәсіпкер жүгін кеденнен декларацияламай немесе дұрыс ресімдемей алып өтсе және сол қылмысы әшкереленсе, құрыды: барлық тауары дереу кәмпескеленетін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапары аясында Мемлекет басшысы V Консультативтік кездесуге, «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне, Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына қатысты.
2023 жылдан бастап Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген жастарға жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік берілді.
Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздықтың алдын алу әзірге мүмкін болмай отыр. Облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, аймақта 17 524 адам жұмыссыз.
Ұлытау облысында жастарға арналған UlytauZhastary тұрғын үй бағдарламасы олардың баспана мәселесін шешуде зор жәрдемін тигізе бастады.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Биыл батыстық шаруалар үшін мал азығы кәдімгідей проблема болып тұр.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Ұлтымыздың Ұлы ұстазы – Ыбырай Алтынсарин: «Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» деп, кітап оқудың маңыздылығын ерекше атап өткен.
Ел экономикасының еселеніп, өнеркәсіптің алға жылжуында да математика ғылымының алатын орны зор. Әйгілі неміс математигі Карл Гаусс айтқандай, арифметика математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы.
Жыл сайын елде онкологиялық дертке шалдыққан науқастар саны артып барады. Былтыр Алматы онкологиялық орталығына 6 айда 9,5 мың науқас емделуге жүгінсе, биыл олардың саны бірінші жартыжылдықтың өзінде 10,5 мыңға жеткен.
Еліміздегі алғашқы дәстүрлі өнер мектебі осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласынан ашылған. Оның негізін қалаған – белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов.