Парламент Мәжілісінің кешегі өткен жалпы отырысында Палата бюросы ұсынған мәселелер де, депутаттық сауалдар да әдеттегідей өзектілігімен ерекшеленді.
Шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қорғалжын қорығының аумағында болды. Еліміздегі экологиялық туризмнің жай-күйімен, проблемаларымен және даму келешегімен, сондай-ақ туризмнің осы түріне азаматтардың сұраныс деңгейімен тан...
«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Сұхбат барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелері та...
Шымкент қаласында осыдан үш жыл бұрын республикада алғашқы болып «Шымкент жастар лигасы» бірегей жобасы басталған. Үшінші мегаполистегі ауқымды шара әлі күнге дейін бірегей жоба ретінде өткізіліп келеді.
Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальда «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтық университет басшыларымен, өкілдерімен және студенттермен кездесті.
Жамбыл облысы Талас ауданында бүтін бір ауыл сібір жарасына байланысты карантинге жабылды. Тамды ауылына 15 күндік шектеу шаралары енгізіліп, елді мекенге төрт түлікті кіргізіп, шығару және ет пен сүт өнімдерін тасымалдауға қатаң тыйым салынып отыр.
Балалардың демалысы басталса, үлкендердің ұйқысы қашады. Өйткені ойын баласын үйде ұстау қиын. Ал саябақтағы әткеншектердің қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Олай деуімізге себеп, сапасыз аттракциондардың мәселесі жыл сайын көтеріледі.
Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден озды.
Абай облысында 14 адамның өмірін жалмаған жалынның беті әлі қайтар емес. Өңір-өңірден ағылған өрт сөндірушілер мен техникаға да, тікұшақтардан тонналап төгілген суға да ауыздық бермеген асау оттың қою түтіні көршілес Жетісу облысына да жетті.
Жекеменшік мектептердің білім сапасына ықпалы жайындағы пікір сан алуан. Көпшілік мұндай оқу ордалары сапаға серпін бергенімен, оның арғы жағында табыс табуды ғана ойлайтын кәсіпкер тұрғанын айтады.
Кеше кезекті рет мемлекеттік Ту түсіріліп, Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Қалың қазақ Семейдегі орман өртінде шейіт кеткен арда азаматтарын жоқтап, қара жамылды. Тұңғыш рет ел Президенті билік атынан кешірім сұрады.
«AMANAT» партиясы мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері Абай облысында өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Өңірге «Жастар Рухының» 250-ден астам волонтері келді.
Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
«AMANAT» партиясы іске қосқан «Жер аманаты» жобасы бойынша бүгінде республикамызда пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық құрылымдардың өкілдерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Екінші орта салмақтағы жеңімпаз Сауль Канело Альварес америкалық Давид Бенавидеспен жұдырықтасудан бас тартты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жедел штабтың кеңесін өткізді. Онда орман өртін сөндіру бойынша негізгі міндеттер тұжырымдалып, өңірдегі ахуалды тұрақтандыру үшін қосымша іс-шаралар әзірленді.
«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің ұйымдастыруымен семинар-кеңесі өтті.
Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымындағы сәтсіздікке қарамастан 47-орынға көтерілді.
Парламент Сенаты алапат өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтты.
«Қоғамдық бақылау» заңына сәйкес мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жұмысына қоғамдық бақылау тетіктерін қалыптастыру мақсатында «AMANAT» партиясының фракция депутаттары Астанадағы ЖЭО-3-тің құрылысымен танысты.
Грузияның Батуми қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында атыраулық Зарина Нұрғалиева топ жарды.
Жыл басынан бері мас күйінде көлікке отырған 7 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды. 6 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылса, 8 мыңға жуық адам қамауға алынған. Сондай-ақ 128 мыңға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілік арқалады.
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар 15 маусымда болатын Палата отырысының күн тәртібін бекітті.
Қазір қоғам жасанды интеллекті «адам санасы деңгейіндегі компьютер» деп атайды. Әлемде «жасанды интеллект адам орнын алмастыра ма?» деген сауал туындап тұр. Сонымен, жасанды интеллекттің маңызы неде? Оның адамзат болашағына қандай пайдасы бар? Бағдарлам...
Атырау облысында көлік инфрақұрылымын дамыту саласында іргелі жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автомобиль жолынан бөлек, облыс көлеміндегі маңызы зор бірқатар жол құрылысында күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жаты...
Қарғаның миы қайнаған аптап ыстықта Ақмола облысының бірнеше ауданы апталап, кейбірі тіпті айлар бойы ауызсусыз қалды.
Бүгінгі қоғамда тың кәсіптің көзін тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жандар аз емес. Соның ішінде жеке кәсібін ашып, табысты еңбек етіп жүрген жастардың көбейгені көңілге қуаныш ұялатады.
Елорда төрінде күн сайын әртүрлі концерттік шара өтеді. Күнделікті күйбең тірліктен бір сәт қол үзіп, әсем ән мен тәтті күй тыңдаудың да көңілдің көтеріңкі жүруіне пайдасы бар.
Түркістан қаласында «Фараб» мемлекеттік кітапханасының үлкен мәжіліс залында Қазақ хандығы тұсындағы көрнекті мемлекет қайраткері, жырау, батыр, жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық күрестің жетекші көсемдерінің бірі Қожаберген Толыбайұ...
Әлі есімде жаз болса болды әкем тете інімді қасына ертіп алып, Николайдан қалған көпірдің тұсына барып қамыс оратын.
Хайуанаттар бағын сатып алып, өмірдің мәніне ие болған отбасы жайлы әдемі хикаяны көргілеріңіз келе ме?
Қарағанды облысында жас экобелсенділер әйнек пен пластик қалдығын жинап, сұрыптап, оны өңдеп, кәдеге жарайтын бұйым жасауды қолға алған. Толық циклді жобамен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасы меңгеруш...
Ореке! Мынау қамшының сабындай шолақ фәниде бәрі-бәрі өтпелі, күллі тірліктің көшпелі екенін леп белгісін қоя дәлелдеп, Сен кеткелі де табаны талыстай отыз жыл зымырап өтіп, тарих парағына айналыпты.
Ғаламдық жаратылыста сөзден бұрын үн, дыбыс шыққанына ден қояр болсақ, сол үн мен дыбыстың келе-келе әуен әуезге, сарын сазға ұласқанын аңғару әсте қиынға түспейді. Өз төңірегін қоршаған аң мен құстың үні, ысқырынған жел, буырқанған дауыл дыбысы, су тол...
Киім ілгіштен басталып, қасиетті сахнаға дейін жалғасатын театр төңірегінде түйткіл көп. Әсіресе, театр репертуарының жаңармауы, жергілікті, жас драматургтердің назардан тыс қалуы, еңбегіне сай қаламақының төленбеуі секілді өнер жанашырларының өзегін өрте...
«Қоры мол ел – халқы тоқ ел» демекші, қай мемлекеттің де береке-бірлікте өмір кешкені – басты мүддесі. Әсіресе, қазыналы қариясын қажытпаған ел – дәулетті. Ал ол тапқанынан бұрын, қанша жинағы барымен, оның ішінде де оны қаншалықты сақтап, көбейте алған...
Ақмола облысында алдағы бірнеше жыл ішінде ондаған ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Мұнда Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға баса назар аударылған.
Әлемдегі дамыған, зайырлы елдерде бір ғана әкімшілік астана болады. Басқа астаналарының бәрі тек бейресми мәртебеге ие. Бұл ретте Үкімет теңдесі жоқ «Қазақстандық жолды» ойлап тапты: Түркістанды «Қазақстанның рухани астанасы» деп ресми жариялау ұсынылды.
Елордадағы Конгресс орталықта «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» тақырыбында Астана халықаралық форумы өтті. Екі күнге созылған жиынның алғашқы күні өткен пленарлық сессияға Президент Қасым-Жомарт Тоқае...
Ат баптау, аттың құлағында ойнау қазақтың қанында бар қасиет. Ал Джигитовканы ат спортының осы түрімен айналысатын әуесқой жігіттер жігіттік өнер деп атап жүр. Сонымен бірге вальтижировка спортының жалғасы ретінде әлемдік спорт саласына енген қиын өнер са...
Жаратылыс жұмбағында «тағдыр» деген бір тылсым бар. Адам баласы тағдыр тәлкегіне, тағдыр жазуына шүбәсіз сенетіні тағы рас. Танысының, жақынының, не өзінің басынан қандай да бір қиындықтар өтіп жатса, «тағдырдың пешенеге жазуы да» деп болжамды байламын да...
Жуырда Netflix-те шыққан «Фубар» сериалы Қазнетте үлкен талқы тудырды. Сериалда басты рөлдегі Арнольд Шварценеггер бастаған тәжірибелі команда Қазақстанға арнайы миссиямен аттанады.
Ақордада Мемлекет басшысы Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Желька Цвияновичке ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Павлодар облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері мен партияның бақылау комиссиясы партияның сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстарды бақылау мақсатында Ақсу қаласына барды.
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті.
«AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті.