Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед» рухани мәуліт кеші өтті.
Әлемде қанша халық болса, сонша түсінік пен таным, дәстүр мен салт, мереке мен мейрам бар. Мерекелер мемлекеттік, ұлттық, кәсіби сынды түрлерге бөлінгенімен, көзге таңсық көрініп, құлаққа оғаш естілетін мейрамдар да баршылық.
Бай болу дегенді көбіне әсіреқызылға құмарлық, дүниеқоңыздық секілді материалдық ұғым ретінде қарастыруға болмайды. Бай болу – ақыл-парасат иесі болу әрі ілім-білімге ұмтылу, жомарт болу. «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген мәтелді жиі естиміз.
Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры топ-менержерлерінің миллиондаған сыйақы мен бонус алғаны туралы жаңалық шықты. Басқасы басқа, бұл жаңалық қордағы ақшасының қызығын көре алмай жүрген халықтың ашу-ызасын тудыр...
Татулық, ынтымақтастық пен бірге бейбіт даму – елдерімізді бақытты, жарқын болашаққа бастайды. Әлемдегі ахуал қалай өзгерсе де, Қазақстан мен Қытай тату көршілік, берік достық тұжырымдамасынан танбай, мұны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, қазақ – қытай мәңгілік...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында банктердің тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін, азаматтар-дың шектен тыс қарызға батып жатқанын айтқан еді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Miras азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі өңірдегі құндылықтарды дәріптеп, өзекті мәселені қарайды.
Қазір Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру, өңірдің дамуына зор үлес қосатын инвестиция саласына қолдау көрсету, инвесторлардың жұмысын жандандыру үшін жағдай жасау басты назарда тұр.
Астанадағы Has Sanat өнер галереясында «Анадолы гравюралары, шыны мен керамикалық бұйымдары Атажұртта» атты көрмесінің ашылуы өтті.
19 қазан – Құтқарушылар күні. Құтқарушылар – уақытпен санаспай адам өмірі үшін жан беріп, жан алысатын ардақты мамандық иелері.
Ерсейіт Бралин – 141 келі тасты еркін көтеріп жүре алатын алапат күш иесі. Оған қоса, қарапайым темір емес, арматураны ие алады. Сонымен бірге Ерсейіт Бралин пауэрлифтингтен спорт шебері атағын да иемденген. 33 жастағы толағай Атырау облысына қарасты Құрм...
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.
Жетісу облысында жүздеген жанды жұмыспен қамтитын болашағы жарқын бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінде Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғаларын жиі естиміз. Статистикаға көз салсаң, сана сан-саққа кетеді.
Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекерден-бекер айтпаған. Орынды айтылған жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады.
Қазіргі қоғамда алаяқтықтың алуан түрі бар. Өзгенің сеніміне оп-оңай кіріп, қаржы пирамидасының қақпанына түскендердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы алдын алу шарасын жасағанымен, қылмыскерлердің қулығына құр...
Футболдан ұлттық құрама сырт алаңда Финляндиядан жеңісті жұлып алды. Бұл ойын ел ішіндегі үмітті қайта маздатып, 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алуға біртабан жақындатты.
Елордада өткен айдан бастап өңірлік тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі тұрақты өтіп жатыр. Мұндай игі шараның ұйымдастырылуы қала тұрғындары үшін өте тиімді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сарапшылардың байламынша, биылғы жыл сала үшін қиын болды. Климат елдің оңтүстігінде де, солтүстігінде де айтарлықтай өзгеріп кетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында елімізді аумақтық дамытудың жаңа тәсілдерін енгізу керек екенін айтып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.
22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия пара ойындары өтеді. 4 жылда бір рет өткізілетін жарыста спорттың 22 түрінен 564 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Соңғы жылдары Түркістан облысында ауыл шаруашылық саласына аса мән беріліп, көптеген жоба жүзеге асып жатыр. Салаға бөлінетін қаржының ауқымы да жыл сайын артып келеді.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қарау үшін палата бюросы сегіз мәселе ұсынған екен. Олардың ең қомақтысы – Салық кодексіне қатысты болды.
Түркістан облысы құрылған сәттен бастап оның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркі-стан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын.
Біз Ақпараттық және есептеуіш технологиялары институты Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Бияшевты сағына еске аламыз. Әңгімемізді ғылымға елеулі үлес қосқан, кісілік келбетімен өз ортасына шуа...
Шымкент қаласының жүрегінде, яғни әкімшілік іскерлік орталығының маңындағы үйлердің басынан бұлт арылмай-ақ қойды.
Аяусыз ажал қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырып кетті. Айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 73 жастан асқан шағында өмірден озды.
Ашық аспан астындағы Талды тарихи-археологиялық қорық-музейінде «Талды – әлемдік өркениеттер тоғысында» атты халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды. Ол (15-0, 10 КО) АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласында өткен бокс кешінде германиялық былғары қолғап шебері Винченцо Гуальтьериді жеңіп, WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі...
Қарағанды облысы қысы-жазы көк түтінмен, жыл он екі ай заңсыз тасталған қоқыспен күресіп келе жатыр. «АрселорМиттал» кәсіпорны 2024 жылға қарай эмиссияларды 30%-ға, яғни 65 мың тоннаға төмендету жөніндегі жасалған меморандум шеңберінде өзіне алған міндетт...
Тура екі апта бұрын, 2 қазанда ел Президенті «Қоғамдық бақылау туралы» және оған ілеспе заңдарға қол қойды. Ертесіне, 3 қазанда актілер баспасөзде ресми жарияланды. Алайда ел тарихында алғаш рет қабылданған, халықтың петиция беруін заңдастыратын заңдар со...
Жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйдің жетіспеушілігі бағаның жиі қымбаттауы мен бір деңгейде тұрақтап қалуының басты аргументі екенін жиі естиміз. Мәселен, 2022 жылы тұрғын үй қорының тапшылығы 114 млн шаршы метрге жеткен.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Мұнайлы қалаға үш күндік жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының...
Талдықорған қаласында Түрксіб – теміржолын салуға қатысқан, Ұлы Отан соғысының ардагері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке ескерткіш бюст қойылды.
Алматы қаласында Республика күніне орай «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы, ақын Алмас Ахметбекұлының оқырмандармен кездесуі өтті.
20 қазанда Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді. Тақырыбы – «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы».
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай 18, 19 қазан күндері республикалық «ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жастар лаборатория...
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 19 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Гүлмира Шорайқызы – Amara Investment паллиативті медициналық көмек көрсететін әлеуметтік орталықтың директоры. Ел ішінде мұндай орталықтарды хоспис деп атайды.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан КСРО империясында ғалымдар әкімшіл-тоталитарлық деп ат қойған жүйе қалыптасты.
Азаматтық қоғам – мемлекет дамуына әсер ететін бірден-бір күш.
Кредиттік оқу жү-йесі, академиялық ұтқырлық, шетелдік оқу орындарымен байланыс және тағысын тағы...
Ұлытау облысы Қабанбай батыр ауылындағы жалғыз жылу қазандығы 50 жылдан аса жұмыс істеп, әбден тозығы жеткендіктен, былтыр жұмысын тоқтатқан еді.
Арзан әуебилеттерін іздеу бойынша сервис талдаушылары зерттеу нәтижесінде шетелдіктердің елімізге қызығушылығы артқанын анықтады.
Биыл өткен жылдарға қарағанда көмір сататын орындарда ажиотаж жоқ.
Өткенді қалпына келтіру әсте қиын. Көп қажырлы энергияны талап ететін құбылыс. Әсіресе, тарихты болса.
Елдің астықты аймақтары ала жаздай қуаңшылықтан бір, киіктердің шабуылынан екі, содан күзгі жиын-терім кезінде сібірлей жауған жаңбырдан тағы да оңбай жапа шеккені рас.
Артта қалған, әбден деградацияланған армиядан заманауи, қуатты қарулы күштер құру жөнінен Әзербайжан өзге елдерге жарқын үлгі көрсетті.
Дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақтың басы бір қосылып мәре-сәре болды.