Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықты несиелендіру мәселесіне назар аударғаны мәлім.
Мемлекет басшысы осы аптада Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.
Қазіргі кезде елімізде соңы өлімге апарып соқтырып жатқан ауыр сырқаттың бір түрі – инсульт. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады, өкінішке қарай көп жағдайда оның аяғы мүгедектікке әкелетін көрінеді.
Алматыда Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, академик Еренғайып Омаровтың 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Түркістан облысында биыл камералдық бақылау нәтижесінде 4 000-нан астам арыз қаралды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Әжібеков...
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Өзбекстан Республикасына барды. Ташкентте Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің арасындағы парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биыл кезекті ауқымды шараны көрермен назарына ұсынбақ.
Еліміздің бас қаласында Маңғыстау суретшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында экспедиция ұйымдастырылды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған халықаралық шарттарды ратификациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.
Еліміз үшін басты мереке саналатын Республика күніне орай барша қазақстандықтарды құттықтау мақсатында қобызшы Ләйла Тәжібаеваның 3 600 биіктен парашютпен секіріп қана қоймай, көк аспанда қалықтап келе жатып Ықыластың «Жезкиік» күйін орындауы әлеуметтік...
25 қазан – Республика күні. Араға 10 жыл салып, қайта оралған мереке биыл елімізде екінші жыл тойланғалы отыр. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтару туралы заңға қол қойды.
Биыл еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына – 28 жыл. 1995 жылы 19 қазанда Президент Жарлығымен Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитеті құрылды.
Біздің Отан өліп, қайта тірілген, Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген. Опат болған ерлер рухы оянар, Отан деген лебіз шықса тілімнен.
Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өту егемендігіміз, тәуелсіздігіміз арқылы келген жетістіктерді және алда тұрған міндеттерді зерделеу үшін қажет екені сөзсіз.
Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығы 60-тан астам жұмыс берушінің сұратуы бойынша 1 671 жұмыссыз азаматты оқу орталықтарында тегін қысқамерзімді кәсіптік оқытудан өткізуде. 23 оқу ұйымы оларға 3 ай бойы білім беріп, техникалық және кәсіптік са...
Осыдан тура 33 жыл бұрын, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан азаттыққа сенімді қадам жасады. Үш ғасыр бойы отаршылдық езгінің тезінен өтіп, тоталитарлық қысымнан қатты зардап шегіп, жойылудың аз-ақ алдында қалған қазақ елі тың дәуір табалдырығында «Мемлекетт...
Қазақ халқының осы уақытқа дейін қол жеткізген ең құнды байлығы – Тәуелсіздік. Бір ғана ұғымның артында төккен тер мен еткен еңбектің өлшеусіз үлесі жатыр. Талай зұлмат кезеңді басынан өткерген қазақ елі – бүгінде терезесі теңескен, ұлттық құндылықтары қ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.
Жетісу өңірінде жергілікті елді мекендерді газдандыру қарқын алып келеді. Қазір облыс орталығы маңындағы аудандардағы ауылдар рет-ретімен көгілдір отынға қосылып, тұрғындар қысқа көмір қамдаудан, жазда отын іздеуден құтылуда.
Форум 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Форум жастарды тәуелсіздігімізді қастерлеу, отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді қарастырып, көшбасшы жас ұрпақтың басын бірікті...
25 қазан күні Түркістан қаласы мен барлық аудан-қала орталықтарында мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтеді. Сонымен қатар «Жанашыр жүрек» акциясы аясында түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады.
Жезқазған қаласында елімізде тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті. Республика күніне орайластырылған жарыста 200-ден астам адам спорттың 8 түрінен бақ сынады.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар Сенат жанынан Инклюзия жөніндегі кеңес құру мәселесін қарап, оның құрамын бекітті. Сондай-ақ олар 26 қазан күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.
Қазақстандықтар қазан айынан бастап Сауд Арабиясына еш кедергісіз ұша алатын болды. Кедергісіз деуімнің себебі – Алматыдан Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қаласына тікелей рейс ашылды. Бұдан былай Air Astana әуекомпаниясы аптасына 2 рет, ал желтоқсан айын...
Фотография – өміршең өнер. Өткенімізді дәл сол қалпында көз алдымызға әкелетін де, бүгінімізді таспалап тарих бедерінде қалдыратын да – фотографияның жемісі.
Әр ұлттың рухани мұрасында, әр ғасырдың ғылыми қоймасында біз білмейтін қаншама сыр бар, қаншама құпия жатыр?
Қазақтың тәрбие институты ата, әке, бала үштігінен тұратыны белгілі. Тәрбие институты – атап, әлдеқандай етіп отырғанымыз болмаса, қазақтың әр шаңырағында кездесетін, әр қазақ баласын қалыптастырған тәрбие жосығы. Бүгінде 70-тің жотасына шығып отырған Құ...
19 қазан күні Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің қорына жаңа жәдігер қосылды. Ұлт ұстазының туған жері Торғайдан жеткен ыстық ықыласқа толы құнды сәлемдеме туралы осыдан бірер ай бұрын хабар алған болатынбыз.
Сыр өңірінде тұрғын үйге қатысты мәселе ушығып тұр. Жыл сайын облыс орталығында жаңадан көпқабатты үйлер сап түзесе де, сырт келбетін сылап-сипап қойған ғимараттардың сапасына айтылар сын көп.
Жетісу өңіріндегі білім саласын жайлап алған жемқорлықтың алғашқы шулы дерегі 2021 жылы ақпанда тіркеліп, ол кезде тұтас облыс болып тұрған Алматы облыстық білім басқармасы басшысын қоса алғанда, осы салада жүрген бірнеше адам ұсталған болатын. Ал 2022 жы...
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен азаматтардың әскери-патриоттық сезімін ояту, әскери қызметтің жеңілдіктері мен артықшылықтарын жеткізу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жұмыл...
Елордадан таяқ тастам ғана қашықта жатқан Целиноград ауданына қарасты Мортық ауылындағы ағайынның жылдан астам уақыт бойы ішкені ірің, жегені желім болып тұр.
«Біле білгенге солтүстікке көш дегеніңіз – ғасырлық маңызға ие дүние. Бұған атүсті қарауға болмайды» деп бұл бағыттағы көшті жандандыру үшін үгіт-насихат жұмысын қарқынды жүргізіп жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ж...
Қазір мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде әкімшілік реформаларды қарқынды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолданып келеді. Мемлекеттік функциялар жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсету маңызды орын алатыны белгілі.
Бүгінде көптеген елдерде ауыл шаруашылығы саласында импортқа тәуелділік немесе ішкі нарық сұранысын өз ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі тұр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед» рухани мәуліт кеші өтті.
Әлемде қанша халық болса, сонша түсінік пен таным, дәстүр мен салт, мереке мен мейрам бар. Мерекелер мемлекеттік, ұлттық, кәсіби сынды түрлерге бөлінгенімен, көзге таңсық көрініп, құлаққа оғаш естілетін мейрамдар да баршылық.
Бай болу дегенді көбіне әсіреқызылға құмарлық, дүниеқоңыздық секілді материалдық ұғым ретінде қарастыруға болмайды. Бай болу – ақыл-парасат иесі болу әрі ілім-білімге ұмтылу, жомарт болу. «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген мәтелді жиі естиміз.
Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры топ-менержерлерінің миллиондаған сыйақы мен бонус алғаны туралы жаңалық шықты. Басқасы басқа, бұл жаңалық қордағы ақшасының қызығын көре алмай жүрген халықтың ашу-ызасын тудыр...
Татулық, ынтымақтастық пен бірге бейбіт даму – елдерімізді бақытты, жарқын болашаққа бастайды. Әлемдегі ахуал қалай өзгерсе де, Қазақстан мен Қытай тату көршілік, берік достық тұжырымдамасынан танбай, мұны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, қазақ – қытай мәңгілік...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында банктердің тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін, азаматтар-дың шектен тыс қарызға батып жатқанын айтқан еді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Miras азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі өңірдегі құндылықтарды дәріптеп, өзекті мәселені қарайды.
Қазір Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру, өңірдің дамуына зор үлес қосатын инвестиция саласына қолдау көрсету, инвесторлардың жұмысын жандандыру үшін жағдай жасау басты назарда тұр.
Астанадағы Has Sanat өнер галереясында «Анадолы гравюралары, шыны мен керамикалық бұйымдары Атажұртта» атты көрмесінің ашылуы өтті.
19 қазан – Құтқарушылар күні. Құтқарушылар – уақытпен санаспай адам өмірі үшін жан беріп, жан алысатын ардақты мамандық иелері.
Ерсейіт Бралин – 141 келі тасты еркін көтеріп жүре алатын алапат күш иесі. Оған қоса, қарапайым темір емес, арматураны ие алады. Сонымен бірге Ерсейіт Бралин пауэрлифтингтен спорт шебері атағын да иемденген. 33 жастағы толағай Атырау облысына қарасты Құрм...
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.
Жетісу облысында жүздеген жанды жұмыспен қамтитын болашағы жарқын бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінде Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғаларын жиі естиміз. Статистикаға көз салсаң, сана сан-саққа кетеді.
Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекерден-бекер айтпаған. Орынды айтылған жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады.