Кешеден бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданысқа енгізілді. Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жолаушылар тарапынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайту бо...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды.
Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар ЕАЭО аумағындағы аудиторлық қызмет туралы заңды қарап, мақұлдады.
Биыл Жамбыл облысында азық-түлік бағасының инфляциясы 4,7 пайызға жеткен. Әсіресе, бидай өнімінен жасалатын тауарлардың құны қараша айы келе құбылып, бұлқына түсті.
«Атың барда ел таны, желіп жүріп» дейтін еді бұрынғылар. Ал 73 жастағы қария Сәрсенбай Қотырашев әлемді атпен емес, жаяу аралауды жөн деп тапқан екен.
Павлодар облысының Қаражар ауылында заманауи білім беру стандарттарына толықтай сай келетін жаңа мектеп ашылды.
Көпен Әмірбек – қазақ сатирасының талантты өкілі.
Теріден тон киіп, елтіріден ішік жамылған бабаларымыз заманында мал терісінің құнын шынымен-ақ білген екен. Тулақты да итке тастамайтын қазақ бүгінде төрт түліктің терісі мен жүнін жинап, шетінен от қойып өртейтін болды. Сөйтпегенде қайтсін, асыл бұйы...
Ұлан-ғайыр қазақ даласының кез келген өлкесі киелі, қастерлі, қадірлі. Кең жазирамыздың әр жерінің тарихына терең бойлап, өткеніне үңілсеңіз, небір тың деректермен танысып, тау тұлғаларымыздың күреске толы өмір жолынан қанық боласыз.
Еңбек қауіпсіздігі мәселесі өзекті, өткір тұр. Мұны елдегі соңғы оқиғалар, соның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы алапат апат паш етті.
Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына жақында жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға облыс әкімінің өкімімен Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы отырды.
Белгілі жазушы Ақан Нұрмановтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Алыс та жақын Ақан Нұрманов» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы спорт саласындағы былықтарды жайып салды.
Парламент Мәжілісінің Жалпы отырысында қарау үшін палата бюросы 8 мәселе ұсынған екен.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында осы елдің Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі шейх Нахаян бен Мубарак Әл-Нахаянмен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар өзара серіктестікті одан әрі нығайту және парламентара...
Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады.
Анимация – суреттерге жан бітіретін өнер түрі. Бұл өнер соңғы жылдары кенжелеп қалды. Көрермен тек шетелдік мультфильмдердің аудармасын ғана тамашалап отыр. Ал отандық өнім ара-тұра қылаң бергені болмаса, көптеп түсіріліп жатқаны байқалмайды.
Таяуда оңтүстік астанада математика саласы бойынша бастауыш және орта сынып оқушылары арасында кіл мықтылар анықталды.
Қазақстан ішкі нарықта авиаотынның жетіспеушілігі мәселесін Қытайдан импорттау арқылы шешпек. Қазір Қытай зауыттарынан 350-500 мың тонна авиакеросин сатып алу нұсқасы қарастырылып жатыр.
Алыстағы Алакөлдің ең шеткері аймағы, еліміздің шығыс шекарасында орналасқан ірі елді мекен, шойын жолмен және автокөлікпен халықаралық тасымал жүзеге асатын теміржол бекеті – Достық ауылында кейінгі жылдары бірқатар ірі жобалар жүзеге асырыла бастады.
Жыл сайын күзгі уақытта газ тапшылығы болатыны қалыпты жағдайға айналды. Әсіресе, биылғы егін орағы нағыз қызған шақта сұйытылған көгілдір отынның жетіспеушілігі қатты сезілді.
Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы құрылыс жұмыстарымен танысып, сапасын қадағалауды қатаң бақылауға алды.
Табиғат тосын құбылыстарға толы. Әсіресе, көк жүзіндегі ерекше құбылыстар адамзатқа қашанда жұмбақ, қашанда қызық. Кеше, қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні қазақстандықтар республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарынан теріскей шұғыласына куә...
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Биіктік» атты әдеби сазды кеш өтті. Қазақтың тұңғыш бард ақыны, композитор Табылды Досымовты еске алу кешін ақынның жары Қарлығаш Ибатова мен баласы Абыл Аяшұлы және ақынның ізбасарлары мен замандастары ұ...
Өткен жексенбіде, 5 қарашада ел тарихында алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті.
Бүгінде Түркістан облысына мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондай-ақ облыс басшысы Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен жиі кездесіп, ашық диалог орнатып тұрады.
Сыр өңірінде «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мекемесі жұмыс істейді. Оған тұрғындар жылу мен жарыққа және өзге де оқыс оқиғаларға байланысты көмек сұрап, хабарласа алады. Бірақ тиісті орталықтан шұғыл көмек ала алмай, шырылдап жүрген халықтың қ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында кәсіпкерлік саласын дамыту бағытын назардан тыс қалдырған емес.
Теһранда өткен мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың HOMAM атты III халықаралық фестивалінде аяғымен сурет салатын, тігін және кесте тігетін Анар Бексұлтанның туындылары көрерменге жол тартты.
Түркістан облысында наурыз айынан бүгінгі күнге дейін қызылшаға күдікті 984 жағдай тіркелген. Оның 360-ның диагнозы зертханалық және клиникалық түрде расталып отыр.
Әлемдік рейтингте 247-орында тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шарлотсвиллдегі (АҚШ) «Челленджер» турнирінде топ жарды. Ол бұл санаттағы жарыста алғаш рет жеңімпаз атанып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев талантымен әлемді мойындатқан әнші ұлымыз Димаш Құдайбергенге тазы күшігін тарту етті. Әнші бұл қуанышы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Татьяна Капуова – қазақ отбасына келін болып түскен украин қызы. Қазақ асханасынан бастап салт–дәстүр, жөн–жоралғыларды терең меңгерген Татьяна келін қазір өзге ұлттың балаларына театр көмегімен қазақ тілін үйретіп жүр. «Мен қазір қазақша сөйлеп қ...
Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры биыл 5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Елордада келесі жылы аймағымызда теңдесі жоқ бірегей Ұлттық онкологиялық орталық ашылатын болады. Бірегейлігі сол, онда Орталық Азияда алғаш рет «протонды терапия» енгізіледі.
«Отан – отбасынан басталады» деген ұстанымды берік ұстанған, әсіресе дәстүрлі құндылықтарды құнттаған халық ретінде біз отбасымыздағы жақындарымызға жиі қол ұшын беріп, қорған боламыз, ынтымақта болып, қолдау көрсетуге талпынамыз.
Абайтану ғылымының негізін қалаған ұлы жазушы Мұхтар Әуезов болса, оны әрі қарай жалғастырып, болашақ ұрпақтардың рухани қазынасына айналдырып, ұлылар туған жерге алғашқылардың бірі болып, іргетасын қалаған «Абайтану», «Мұхтартану» ілімде...
Менің тегім қазақ халқының тұрмысында мінсе көлік, жорытқанда серік әрі адал қызметші бола білген «Кәрібоз қартайғанда жорға шығады» деп келетін қанатты сөздің түп төркінінен бастау алатын жылқы жануарының киелілігімен тікелей байланысты.
Бала тәрбиесі – басты назарда. Жасырары жоқ, соңғы жылдары мектеп қабырғасындағы балалардың сапалы біліммен бірге саналы тәрбие алып, Отанын сүйетін, ортасын қадірлейтін, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болатын азамат болып өсуіне ықпал ететін игілікті ж...
Іргетасы 1868 жылы қаланған Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы жыл сайын 34 мыңдай пациентті стационарда емдесе, оның ішінде 17 мыңдай науқасқа ота жасалады.
Ахмет Байтұрсынұлы дегенде көп айтыла бермейтіні – оның композиторлық қыры. Ағартушы, саясаткер, ғалым, ақын, жазушы адам ән шығармады деуге күмән да болмауы керек еді.
Атырауда интернет арқылы жасалатын есірткі бизнесі ушығып тұр. Әсіресе, жабық телеграм каналдар оң-солын танымаған жастарды жіпсіз байлаған ошаққа айналып барады.
Сауда – кез келген мемлекет үшін экономиканың негізгі құрамдас бөлігі. Ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелердің шешімін табуда сауда-саттық ықпал етпей қоймайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік немесе PPP (Private Public Partnership) институты әлемде өркен жайып келе жатқан, бұқараға да, бизнеске де игілік әкелетін тетіктердің бірі саналады.
Әлемге саяхат жасау – көп адамның арманы. Әрі бұл арман оңай орындала бермейтіні тағы бар. Өйткені ол көп ақшаны талап ететіні белгілі.
Соңғы жылдары орман өрті салдарынан жер жаһанның экологиясына келген залалды есептеп шығу мүмкін болмай қалды. Ал 2050 жылға қарай әлем ормандарында болатын қызыл жалын қазіргіден 30%-ға артуы мүмкін. Бұл деректі күні кеше БҰҰ жария еткен.
Қыркүйектің басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Жолдауында жаңа Салық кодексін әзірлеуді ұсынды.
Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті қарсаңында елімізге Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапармен келген болатын. Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрінің кездесуі шағын құрамда келіссөз өткізуден басталды.
Бұған дейін газетімізде жариялағанымыздай, Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытай Халық Республикасына іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт - фабрика ашу қолға алынды.