"Ғаламда бізден басқа тіршілік бар ма?" деген сұрақтың жауабы табылған жоқ. Ал жасанды интеллект кометалар мен басқа планеталардан алынған шаң-тозаң, топырақ үлгілерін талдап, органикалық заттарды дәл анықтаған. Қалай тапқанын машина айтпай отыр
Адамға ұқсас гуманоид роботтар жасау жаңа деңгейге көтерілді. Бұл салада бірнеше компания айтарлықтай прогресс көрсетуде. Олардың роботтары бір аяғымен тұрады, қолдары мен аяқтарының орналасуын дәл анықтай алады. Би де билейді
Жасанды интеллектің таралуына қатысты проблемалар қызу талқылануда. Барлау ұйымдары да мол деректерді талдау үшін нейрондық желіні пайдалана бастады. ChatGPT тыңшыларды анықтауда жақсы құрал болуы мүмкін
Батыс елдерінде тамақты қолмен жеу үрдісі күшейді. Мамандар қолмен жеудің пайдасын дәлелдеді. Қолмен жеген тағам неге дәмді?
Жасанды интеллект бүгінде кітап жазады, сурет салады, музыка мен өлең шығарады. Бұған адамдар тез үйренді. Ал ChatGPT әлдеқайда интерактивті болады: пайдаланушылар чат-ботпен сөйлесе алады, ауызша жауаптар алады. Бұл жаңалық әлемде үлкен сенсация жасады.
Жасанды интеллект жүйелерін діни пәтуалар шығаруға қолдануға болады. Мұсылман елдерінде бұл мәселе мұқият қаралуда. ЖИ-дің ғаламат әлеуеті діни жетекшілерге де ұнаған сияқты.
Жойылып кеткен жануарларды тірілтудің жаңа тәсілін швециялық ғалымдар тапты. 100 жыл бұрын жойылып кеткен тилацин жыртқышын қалпына келтіру жұмысы сәтті болған. Енді мамонттарды да тірілтуге ғылыми жаңалық көмектесуі мүмкін.
Адам өзінің есте сақтау қабілетіне нақты сенімді бола ала ма? Адам жады жалған естеліктерді сақтап қалуы мүмкін бе?
Ірі технологиялық компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, онлайн қауіпсіздікті күшейту мақсатында ірі компанияны сатып алды. Мәміленің құны 28 млрд доллар болды. Бұл биылғы жылдың ең ірі мәмілесі.
Виртуалды дауыстық көмекшілер адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол үй құрылғыларын басқарады, еске салу функцияларын орындайды, телефон соғады, музыка қойып береді, аудио кітаптар оқиды. Енді оның дауысы табиғи шығатын болды.
Жаңа заң интернеттегі қауіпсіздікті жақсартуға арналған. Заңды бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады: 10 млрд теңге қомақты айыппұл төлейді, ал кейбір жағдайларда компания басшылары түрмеге жабылуы мүмкін.
Үш миллиард жыл бұрын Марста су болған кезеңде күшті сел ағындары лай мен тастарды биік таудың жотасынан төмен түсірген. Бұл жота Қызыл планетаның сулы кезеңі туралы қызықты ақпаратты сақтап қалған.
Apple-дің жаңа операциялық жүйесі кешеден бері қолжетімді болды. Енді смартфон пернетақтада теріліп жатқан сөздердің ең дұрыс сәйкестері мен сөз тіркестерін ұсынады. Дауыстық хабарламаларды мәтінге аударады.
Интернет дүкендерде сатылатын тауарлар үлкен жеңілдікпен сатылады. Amazon компаниясы қазан айында Prime Day фестивалінде тауарларды 90% жеңілдікпен сататын болады
Екі жыл бұрын Маск Ресейде Tesla зауытын салуды қарастырғаны белгілі. Сондай-ақ Қазақстанға да қызығушылық білдірген. Әлемдегі саяси ахуал өзгерген соң Ресейдегі жобалар туралы айтылмай қалды. Келесі зауыт Қазақстанда салына ма?
Темекі шегу иммундық жүйенің ақ қан жасушаларындағы хромосомалардың ұштарын қысқартады. Хромосомалардың ұштары (теломерлер) тым қысқарып кетсе жасуша бөліне алмайды, қартаю тез басталады.
Технологиялық прогресс пен қоғамның қарыштап дамуы мәңгілік құндылықтарды ығыстыруы мүмкін бе?
Болашағын ойлаған елдер смартфонның қаупін жақсы түсіне бастады. Мектепте телефон ұстауға мүлдем тыйым салынды. Мұндай тыйым оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.
Іші қуыс жаңа шиналар ешқашан жарылмайды, тесілмейді. Олар ғарыштық технологияларды қолданып жасалған. Шинаның өн бойына никель-титан қорытпасынан жасалған серіппе орнатылған, ол титан сияқты берік, резеңке сияқты созылады.
Титаннан жасалған жаңа iPhone 15-ті жоғалтып алсаңыз, оны табу оңай. Жаңа смарт сағат смартфоныңыз қайда жатқанын, оған дейін қанша метр екенін дәл айтып береді. Бұл ғажайып функциялар қалай жұмыс істейді?
Сенатта жасанды интеллекті құқықтық және этикалық реттеу мәселелерін талқылауға арналған жиын өткізілді. Әлемнің ең мықты технологиялық компаниялардың басшылары шақырылған кездесу жабық есік жағдайында өткізілді. Онда қандай құпиялар айтылды?
Әділет министрлігі Google технологиялық алпауытына ауыр айыптар тақты. Google интернеттегі іздеу жүйесіндегі үстемдігін сақтауға 10 миллиард доллардан астам төлейтіні белгілі болды. Бұның қандай саяси және экономикалық астары бар?
Кеше Калифорниядағы мекенінде Apple жаңа өнімдерін таныстырды. Ең басты жаңалық – iPhone-да ғана болған Lightning зарядтау портының орнына USB-C стандарты қолданылатыны белгілі болды. Жаңа iPhone-дардың құны қандай?
Қазақстанда ірі мұнай-газ химиясы жобаларына қатысатын қытайлық Sinopec корпорациясы бензинге сұраныстың төмендейтінін жариялады. Бензинмен жүретін көліктерді электромобильдер ауыстыратын болады.
Үй аласыз ба, әлде теледидар тамашалайсыз ба? Өте қымбат теледидарлар қатарын LG компаниясының жаңа өнімі толықтырды. Өте талғампаз тұтынушыға арналған теледидардың техникалық сипаттарымен танысамыз.
Ағылшын ғалымдары вейп қауіпсіз деген жалған пікірді теріске шығарып, электронды темекінің зиянды екенін дәлелдеді. Вейп иммунитетке жойқын соққы береді. Электронды темекі буы нейтрофилдерді тоқтатып, ағзаның инфекциямен күресу қабілетін жояды.
COVID-19 қайтадан күшейе бастады. Мамандар коронавирустың жаңа штаммына алаңдаулы. Әлемдік пандемияның жаңа толқыны бастала ма?
Смартфондар нарығында үздіктер қатарындағы iPhone өте қауіпті әрі зиянды бағдарламалар мен хакерлер көздейтін нысанаға айналды. iPhone-ды қалай қорғауға болады?
Қытай шенеуніктерге iPhone смартфонын пайдалануға тыйым салады деген ақпарат таралды. Екі күнде Apple компаниясының акциялары 200 миллиард доллар жоғалтты. 12 қыркүйекте жаңа iPhone-15 смартфонын әлем назарына ұсынуды жоспарлап отырған компания үшін бұл к...
Қазіргі Apple смартфондары өзге бәсекелестері қолданатын қуаттау кабелін қолданбайды. iPhone құрылғылары меншікті Lightning адаптерін пайдаланады. Apple компаниясының жаңа 15-ші iPhone-ында қуаттау көзі өзгертілді. ЕуроОдақ заңына бағынған алмалы компания...
BMW автоконцерні iDrive атты ақпараттық-ойын жүйесін жаңа буын электр көліктері үшін жасаған. Жүйеде 3D әсер беретін және формасы таңданыс туғызатын дисплей қойылмақшы. BMW-ның толық электрлік «Neue Klasse» платформасы үшін жасалған ақпараттық жүйе технол...
Қытай қорғанының бір бөлігін жұмысшылар экскаватормен қазып, қатты зақымдаған. Олар тарихи қорғанды бұзып жолды қысқартпақ болған. Қытай билігі кінәлілерді жазаламақшы.
Жаңаша дизайнмен жасалған теледидар шықты. Бұл модельді шығаруға италиялық Solbiati тоқыма фабрикасы қатысқан. Смарт теледидардан гөрі өнер туындысына көбірек ұқсайтын жаңа құрылғының мүмкіндіктері де керемет.
Жақында жүргізушісіз басқарылатын роботаксилерден шектеулер алынып тасталды. Бірақ Сан-Франциско тұрғындары оған қарсы. Жүргізушісіз көліктердің пайдалы және зиянды тұстары жайлы пікірталастар күш ала бастады. Тәулік бойы қызмет көрсететін көліктер қаншал...
Арзан көлік өндірушілері қытайлық автоөндіріс кешенімен бәсекелесе алмайды. Әлемдік автомобиль нарығының негізгі сегментінен америкалық, еуропалық брендтерді қытайлық электрлі көліктер ығыстыра бастады. Санның сапаға ауысатын мезгілі жеткендей.
Жеке деректер – цифрлық дәуірдің мұнайы. Осы байлық смартфондар арқылы жиі ұрланады. Сіз деректеріңіздің ұрланғанын білмеуіңіз де мүмкін. Телефон нөмірін және деректеріңізді қалай қорғауға болады?
Ең ықпалды Google іздеу жүйесінің болашағы бұлыңғыр. Оның орнын жасанды интеллектке негізделген чат-боттар иеленуде. Іздеу жүйесі болмаса интернеттен ақпаратты қалай табамыз?
Әскери-әуе күштерінің жаңа ұшқышсыз жойқын ұшағы сынақтан өтті. Жауынгерлік ұшақтың техникалық сипаттары да керемет. Жасанды интеллект жойғыш ұшақты қандай мақсатта қолдануы мүмкін?
Жаңа iPhone 15 сериясы 12 қыркүйек күні тынықмұхиттық уақыт бойынша сағат 10.00-де Apple Park-те ұсынылады. iPhone 15 Pro моделіндегі жаңартулар сенсация туғызады деп күтілуде. Жылдың басты медиа оқиғасы Apple-дің ресми сайтында және компанияның YouTube а...
Жасанды интеллект адамның іс-қимылдарын қайталайтын роботтарда қолданыла бастады. Гуманоид роботтар адамға ұқсас кейіппен жасалады. "Жұмыс орындарын роботтар толтырса адамға не қалады?" деген сұрақ туындайды.
ЕуроОдақ аумағында жеке қолданушыға арналған жарнамалар шектелетін болды. Интернеттегі контентті бақылау күшейтіліп, әлеуметтік платформаларға қатал міндеттемелер жүктелді.
Tesla қызметкерлерінің жеке деректерін қаскөйлер ұрлап кеткен. Көлемі 100 гигабайт болатын 23 000 файл қолды болған. Бұл файлдардың қаншалықты құнды екенін төмендегі мақаладан білуге болады.
Xiaomi-дің қытайлық нарықтағы позициясының нашарлауы күтпеген жағдай болды. Дегенмен компания әлемдік нарықта өскен, Apple үлгісіндегі сатылым дүкендерінің желісін кеңейтіп, Үндістан мен Еуропада сатылым көлемін арттырған.
Жасанды интеллект енді бірнеше жылда адам өмірін танымастай өзгертеді деген болжамдар шындыққа айналуда. Өз ойын басқа адамдарға ешбір қимылсыз, тілсіз тек ойлау арқылы ғана жеткізетін құрылғы жасалды. Адам ойындағысын түсініп, оны мәтінге, аудио түрінде...
Ауызды шайып, жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтайтын ғылыми тәсіл табылды. Канадалық ғалымдар сілекейдегі лейкоциттер деңгейін өлшеп, жүрек ауруларының қаупін анықтаудың тиімді әдісін ұсынды. Бұл тәсілмен жастардың және өздерін жақсы сезінетін адамдарды...
Ұйқыға кеткен адам өзіне ыңғайлы қалыпты таңдайды. Қырынан немесе шалқасынан жатып ұйықтауға әдеттенеді. Түнгі ұйқы жақсы болуы үшін қалай жатып ұйықтаған дұрыс? Қорылды болдырмаудың жолы қандай? Біздің талдауымыз.
Толассыз шуыл - жаңа әлемнің сипаты. Бұның бәрі миға ерекше салмақ салады. Ал, тыныштық, үнсіздік миға өте пайдалы екен. Төмендегі видеода жақсы жүйеленіп жинақталған кеңестер бар.
Көлік жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы жиі кездесетін проблема. Енді жол ережесін бұзушыларға қарсы жасанды интеллект жүйелері қолданыла бастады. Олар бір қолымен рөлді ұстап, бір қолымен смартфонда әріп теріп отырған...
АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өрши бастады. Президент Байден жаңа жарлық шығарып, америкалық компанияларға Қытайға технологияларды сатуға тыйым салды. Америкалықтар "тар аула, биік қоршау" саясатына көшті.
Пәтердің немесе жеке үйдің есігіне орнатылатын видео бақылау жүйелері күннен-күнге жетілдірілуде. Енді үй иесі өзінің смартфонынан нақты уақыт режимінде есігінің алдында болып жатқан барлық қозғалысты көріп, пәтеріне келген бөтен адамдармен сөйлесе алады.